Мұғалжар ауданының
Жем қаласы әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мұғалжар ауданының Жем қаласы әкімінің сайлауы 2021 жылғы 21 қарашаға тағайындалсын.
- Жем қаласы әкіміне кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 23 қазанда басталып, 2021 жылғы 5 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
- Жем қаласы әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2021 жылғы 10 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
- Осы қаулы Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Мұғалжар» газетінде жариялансын.
Мұғалжар аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы Ғ. Асқаров
Мұғалжар аудандық
сайлау комиссиясының
хатшысы Ә. Қалимағамбетова
Қандыағаш қаласы
2021 жылғы 22 қазан
№7