ЖОБА
2022 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін
жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бір артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Мұғалжар ауданының
әкімі А. Шериязданов
Мұғалжар ауданы әкімдігінің
қаулы жобасына қосымша
2022 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектері үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
|
№ |
Ұйымдардың атауы |
Жұмыскерлердің тізімдік саны |
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) |
Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
|
1 |
«Кентавр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
110 |
3% |
3 |
|
2 |
«AltynEx Company» акционерлік қоғамы |
250 |
3% |
8 |
|
3 |
«Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Коммуналшы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
135 |
3% |
4 |
|
4 |
«Восток нефть и сервисное обслуживание» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
252 |
3% |
8 |