ЖОБА 2022 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

ЖОБА

 

 

2022 жылға арналған Мұғалжар  ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота  белгілеу  туралы

 

 

        Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының  «Халықты жұмыспен  қамту  туралы» Заңының  9,                27 баптарына, Қазақстан  Республикасы  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес,  Мұғалжар ауданының  әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» мемлекеттік  мекемесі  заңнамада  көрсетілген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын  бақылау  аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына  жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа қолданысқа енгізіледі.

 

                                                 

Мұғалжар ауданының

әкімі                                                                                     А. Шериязданов

 

 

Мұғалжар ауданы әкімдігінің

қаулы жобасына қосымша

 

2022 жылға Мұғалжар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін  ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

 

№

 

 

Ұйымдардың  атауы

 

 

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыскерлердің  санынан %)

 

 

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

«Актобе мунай маш комплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

118

2%

2

2

«Вернал Ойл Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70

2%

1

3

«Базальт-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

30

2%

1

4

«Кентавр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

110

2%

2

5

«Восток нефть и сервисное обслуживание» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

152

2%

3

 

Дата публикации
21 сентября 2021