ЖОБА 2022 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

 

ЖОБА

                                                                                                

                                                                                                

2022 жылға арналған Мұғалжар  ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота  белгілеу  туралы

 

 

        Қазақстан Республикасының Еңбек  кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен  қамту  туралы» Заңының  9, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын  квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес,  Мұғалжар ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарынына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» мемлекеттік  мекемесі  заңнамада  көрсетілген  тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

           Мұғалжар ауданының

           әкімі                                                                                     А. Шериязданов

 

Мұғалжар ауданы әкімдігінің

қаулы жобасына қосымша

 

2022 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін  ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

 

№

 

 

Ұйымдардың атауы

 

 

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыскерлердің  тізімдік  санынан %)

 

 

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

«AltynEx Company» акционерлік қоғамы

250

2%

5

2

«Актобе мунай маш комплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

118

2%

2

3

«Силикат -А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70

2%

1

4

«Вернал Ойл Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70

2%

1

5

«Кентавр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

79

2%

2

6

«Мұғалжар  аудандық  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Коммуналшы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

127

2%

3

7

«Восток нефть и сервисное обслуживание» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

170

2%

3

 

Дата публикации
21 сентября 2021