Мұғалжар ауданы кәсіпкерлерінің назарына!
Кәсіпкерлікті қорғау мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің 01.09.2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» Жолдауында нақты белгіленген.
Жолдауға сәйкес, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, кәсіпкерлердің өтініштерін қарау прокуратура органдарына жүктелген.
Бұдан басқа, Бас прокуратураның бастамасы бойынша азаматтар мен бизнес проблемаларын тиімді шешуге прокурорлық қадағалауды сапалы қайта бағдарлау мақсатында заңнамалық шаралар қабылданды, 2021 жылғы 2 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.
Аталған Заңмен бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізілді, соның ішінде 04.09.2021 жылдан бастап «Прокуратура туралы» Заңға өзгерістер енгізілді.
Жаңа өзгерістерге сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша шағымдарды прокуратура органдарының қарауы міндетті екенін сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Осыған байланысты, негізсіз тексерулер жүргізу және мемлекеттік органдар тарапынан қызметке кедергі келтіру фактілері болған жағдайда, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында тікелей прокуратура органдарына немесе «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп құрылған мобильді топқа жүгіну қажет.
Мобильді топ бойынша аудан прокуратурасының және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының телефондары 24/7 режимінде жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мобильді топқа 13 сигнал келіп түсті және 3 прокурорлық ден қою актісі енгізілді. Жалпы аудан прокуратурасымен 360 кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Құрметті Мұғалжар ауданының кәсіпкерлері!
Мемлекеттік органдар тарапынан негізсіз тексерулер және кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактілері бойынша аудан прокуратурасына және кәсіпкерлер палатасына хабарлауды сұраймыз.
Аудан прокуратурасы: 8/71333/ 3-09-00, 87029467880
Кәсіпкерлер палатасы: 8/71333/ 7-90-01, 87760888028
Мұғалжар ауданының прокуратурасы!