Мұғалжар ауданы Еңбек және Жұрын ауылдық округі әкімдерінің сайлауы жөнінде сайлау округтерін құру туралы

 

Мұғалжар ауданы

Еңбек және Жұрын ауылдық округі әкімдерінің сайлауы

жөнінде сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына сәйкес Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Мұғалжар ауданы Еңбек және Жұрын ауылдық округі әкімдерін сайлау жөнінде мынадай сайлау округтері құрылсын:

1) Еңбек сайлау округі – Еңбек ауылдық округі аумағының шекараларында;

2) Жұрын сайлау округі – Жұрын ауылдық округі шекараларында.

 

  1. Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Мұғалжар» газетінде жариялансын.

 

 

 

Мұғалжар аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының                                        Ғ.Дәрімбетов

         төрағасы                       

 

Мұғалжар аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының                                         А.Балмаханова

                   хатшысы

 

 

 

 

№ 28

5 тамыз 2026 жыл

            Қандыағаш қ.  

 

 

Дата публикации
05 августа 2026