Мұғалжар ауданы Еңбек және Жұрын ауылдық округі әкімдерінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабының 1тармағының 1) тармақшасына сәйкес Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Еңбек және Жұрын ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалсын.
- 2. Еңбек және Жұрын ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 6 тамыздан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 18 тамыз жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Еңбек және Жұрын ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Мұғалжар» газетінде жариялансын.
Мұғалжар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының Ғ.Дәрімбетов
төрағасы
Мұғалжар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының А.Балмаханова
хатшысы
№ 27
5 тамыз 2026 жыл
Қандыағаш қ.