
«Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 166 қаулысы негізінде құрылды.
2018 жылғы 16 мамырдағы Мұғалжар ауданы әкімдігінің № 191 қаулысы бойынша жұмыспен қамту орталығы «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары
Орталық қызметінің мәні халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету болып табылады.
Орталық қызметінің мақсаты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру. Орталық мақсатқа жету үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді;
- Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды;
- Өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;
- Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы анықтама береді;
- Жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
- Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;
- Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауға жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен және басқа мүдделі мемлекеттік органдармен, мемлкеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, қалалардың, кенттердің, ауылдардың округтердің әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- Жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;
- Бағдарламаға қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына және шарттары орындалмаған кезде заңнамаға сәйкес санкциялардың қолданылуына мониторингті жүзеге асырады;
- Еңбек делдалдығын көрсетеді;
- Азаматтарды Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша хабардар етеді және консультациялық қызметтер көрсетеді, құжаттар дайындауда көмек көрсетеді, үміткерлердің қажеттілектерін зерделеу мақсатында олармен консультация өткізеді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргізеді, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді.
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына әлеуметтік қатысушыларды іріктеуді және бөлуді жүзеге асырады
- Жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті айқындайды және мониторинг жүргізеді;
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;
- Жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адаидарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы;
- Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.