Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бойынша ағымдағы жылдың 1 қараша айына атқарылған жұмыстары  

«Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бойынша ағымдағы жылдың 1 қараша айына атқарылған жұмыстары

 

Жұмыспен қамту бойынша

Жергілікті атқарушы органның меморандумында көзделген негізгі мақсатты индикаторлардың бірі жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған ауданда 2020 жылдың 10 айында ауданның жеке кәсіпкерлерінде, шаруа қожалықтарында, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде 1220 жаңа жұмыс орындары ашылып белгіленген жылдық жоспар 94,2% орындалды (жылдық жоспар-1295 жұмыс орны, оның ішінде тұрақты жұмыс орны-743), оның ішінде 786 тұрақты жұмыс орны, ол барлық ашылған жұмыс орындарының 64,4% құрап отыр.

Ауданда ағымдағы жылдың 10 айында жолыққан жұмыссыз азаматтар жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, атап айтар болсақ, 2576 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды.

Халықтың нысаналы тобына жататын 384 жұмыссыз аудан мекеме, кәсіпорындарында ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, белгіленген жылдық жоспар 108,2 % орындалды (жылдық жоспар-355 жұмыс орны), жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдаған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу үшін бюджеттен барлығы 55 055,0  мың теңге (РБ-24 725,0 мың теңге,ЖБ-30 330,0 мың теңге) көлемінде қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың 10 айында 39943.0 мың теңге (РБ-15 460,0 мың теңге, ЖБ- 23883,0 мың теңге) төленді;

Сонымен қатар 326 жас маман мамандықтарына сай аудан аймағында орналасқан мекеме, кәсіпорындарға Жастар тәжірибесіне орналастырылып жылдық жоспар 104,5 % орындалды(жылдық жоспар-312), Жастар тәжірибесіне қатысқан жас мамандарға еңбекақы төлеу үшін бюджеттен барлығы 99 939,0  мың теңге (РБ - 24 168,0 мың теңге, ЖБ-75 771,0 мың теңге) бөлініп, ағымдағы жылдың 10 айында 74942,2  мың теңге (РБ-9 11538,0 мың теңге, ЖБ-63404,0 мың теңге) еңбек ақы тағайындалып толығымен төленді;

Ағымдағы жыл басынан 1138 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып уақытша жұмыспен қамтамасыз етіліп белгіленген жылдық жоспар 94,8 % орындалды (жылдық жоспар-1200), аталған іс-шараға барлығы 199 417,0 мың теңге (ЖБ- 124 417,0 мың теңге, РБ-75 000,0 мың теңге) көлемінде қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың 10 айында 150 240,0 мың теңге (РБ-62 500,0 мың теңге, ЖБ-87 740,0 мың теңге)көлемінде еңбекақы тағайындалып толығымен төленді;

«Гүлдене бер туған жер» акциясы бойынша 120 жас азаматтар тартылып белгіленген жоспар 101,7% орындалды (жоспар-118), аталған іс-шараға ЖБ 6519,0 мың теңге бөлініп, жұмыс жасаған жастарға 6519,0 мың теңге көлемінде еңбекақы тағайындалып толығымен төленді;

Кәсіптік оқуға 61 адамды жолдау жоспарланып, ағымдағы жылдың 10 айында 70 адам жолданып оқытылуда аталған іс-шараға ЖБ – 1 300,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге оның 6 519,0 мың теңгесі игерілді;

77 адамға 302 000,0 мың теңге шағын несие беру жоспарланып, ағымдағы жылдың 10 айында 67 адамға 258200,0 мың теңге көлемінде несие беріліп белгіленген жоспар 87 % орындалды;

2020 жылдың 1 қарашысына есепте тұрған жұмыссыздар саны 1230 адам болып, экономикалық белсенді тұрғындар саны 37205 адамға шаққанда 3,3 пайызды құрап отыр.

Әлеуметтік көмек көрсету бойынша

 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке: республикалық бюджеттен 115 000,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 29 954,0 мың теңге, облыстық бюджеттен – 20 000,0 мың теңге бөлінді.

10 айға құрамында 2367 адамы бар 471 отбасына 145169,0 мың теңге тағайындалып, 131923,3 мың теңге төленді. Оның ішінде:

Шартты ақшалай көмек-2090 адамы бар 400 отбасына 117886,0 мың теңге тағайындалып, 106824,5 мың теңге төленді.

Шартсыз ақшалай көмек-277 адамы бар 71 отбасына 27283,0 мың теңге тағайындалып, 25098,8 мың теңге төленді.

Кепілдірілген әлеуметтік пакет (гигиеналық құралдар және азық түлік) бойынша республикалық бюджеттен - 13 500,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 15 337,2 мың теңге, барлығы 28 837,2 мың теңге бөлінді,оның 773 балаға 22 094,6 мың теңгесіне әлеуметтік пакеттер берілді.

Тұрғын үй көмегіне: жергілікті бюджеттен 3 953,0 мың теңге бөлініп, 10 айға 211 адамы бар 84 отбасына 1793,3 мың теңге тағайындалып, 1570,4 мың теңге төленді;

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек төлеу үшін 162605,0 мың теңге қаражат бөлініп, 10 айында 5355 адамға 157957,3 мың теңге осы бағытқа қатысты санаттағы азаматтарға заң талаптарын сақтай отырып тағайындалып, төленді. Атап айтқанда:

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік тұрмыстық қажеттілігіне 3 адамға 240,0 мың теңге тағайындалып, 216,0 мың теңге төленді;

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке 62 адамға 1064,0 мың теңге тағайындалып, 854,0 мың теңге төленді;

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және жалпы мүгедектерге, оларды ертіп жүруші азаматтарға облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы бойынша төленетін жол шығындарын өтеу үшін 17 адамға 432,0 мың теңге тағайындалып, 405,1 мың төленді;

Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға төленетін әлеуметтік көмек 224 адамға 27156,6 мың теңге тағайындалып, 25517,5 мың теңге төленді;

Үйден оқытылатын мүгедек балаларға арыздары бойынша әлеуметтік көмек 29 балаға 849,7 мың теңге тағайындалып,  733,0 мың теңге төленді;

9 май жеңіс күні мерекесі қарсаңында 321 адамға 16615,0 мың теңге, оның ішінде:

 Ұлы Отан соғысына қатысушыларымен мен мүгедектеріне 1000,0 мың теңгеден 3 адамға 3000,0 мың теңге, ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне 30,0 мың теңгеден 12 адамға 360,0 мың теңге, ҰОС ардагерлеріне және мүгедектеріне теңестірілгендерге 100,0 мың теңгеден 60 адамға 6000,0 мың теңге, бейбіт уақытында әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 30,0 мың теңгеден 10 адамға 300,0 мың теңге, ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне 25,0 мың теңгеден 11 адамға 275,0 мың теңге, Ауған жауынгерлердің жесірлеріне 25,0 мың теңгеден 14 адамға 350,0 мың теңге, марапатталған тыл ардагерлеріне және 1941-1945 жылдар аралығында тылда жұмыс жасаған азаматтарға 30,0 мың теңгеден 211 адамға 6330,0 мың теңге тағайындалып, төленді;

Мүгедектер күніне орай 1718 адамға 51540,0 мың теңге тағайындалып, төленді;

Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек 7 адамға 580,0 мың теңге тағайындалып, төленді;

ҚР аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде біржолғы әлеуметтік көмек 20 000 теңге мөлшерінде 2974 адамға 59 480,0 мың теңге төленді;

Мүгедектермен жұмыс бойынша

Мұғалжар аудандық зейнетақы төлеу орталығының берген мәліметі бойынша ауданда барлығы мүгедектер саны - 1614, оның ішінде: I топтағы мүгедектер - 119, II топтағы мүгедектер - 586, III топтағы мүгедектер - 631, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 278 санын құрайды.

Протездік-ортопедиялық көмекпен Шымкент қаласындағы протездік-ортопедиялық орталығына 43 мүгедекке жолдама беріліп  5 879,7 мың теңгенің 72 дана протездік құралдар алынды.

Техникалық көмекші құралдармен (таяқтар, балдақтар, жетек арбалармен) 90 мүгедекке 542,2 мың теңгеге 96 құралдар берілді;

Сурдотехникалық құралдар бойынша барлығы 5 мүгедекке (көп функционалды дабылды жүйелер) 146,8 мың теңгеге 5 құралдар берілді;

Тифлотехникалық құралдар бойынша 9 мүгедекке (тифломагнитола, диктофон, таяқ) 47,5 теңгеге 10 дана құралдар берілді;

Міндетті гигиеналық құралдар бойынша 145 мүгедекке 124 088 дана 17 190,6 теңгенің (жөргектермен, жаялықтармен, санитарлық кресло-орындықтармен) қамтамасыз етілді;

Арнаулы жүріп тұру құралдары (кресло-арбалармен) 22 мүгедекке 2 086,9 теңгеге 24 кресло- арбалар берілді;

Санаторий-курорттық емдеу бойынша 71 мүгедек Алға қаласындағы «Шипагер» санаториясына 6097,7 теңгеге 71 жолдамамен қамтамасыз етілді;

Жүріп-тұруы қиын 1 топтағы 66 мүгедекке 66 жеке көмекші тағайындалып, оған 24 460,3 мың теңге еңбекақылары тағайындалып, қызметтерін көрсетуде;

Есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтері бойынша 14 мүгедекке 1 ымдау тілі маманы тағайындалып 872,7 теңгеге еңбекақылары төленді.

17 мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға 431,9 мың теңге облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасымен барған мүгедектерге бару-келу жол қаражаты тағайындалып, төленді;

Барлығы: 2251 мүгедекке 115 536,3 теңгеге 124 298 дана көмектері көрсетілді.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Қандыағаш қаласынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі жартылай стационар өз жұмысын екі жылдан бері жалғастыруда, оған мемлекеттік арнайы тапсырыспен Ақтөбе қаласындағы «Ғажап» мүгедек балалар ҚБ-мен келісім шартқа отырды. РБ-дан 6369,0 мың теңге бөлініп, 3385,0 мың теңге игерілді. Аталған стационарда оңалту жеке бағдарламасына сәйкес 10 балаға тегін қызмет көрсетіледі. Стационарда стационар меңгерушісі, әлеуметтік педагог, әлеуметтік педагогтың көмекшісі, психолог, массажист бар, мамандар әр баламен 20-30 минут айналысады. Қызмет көрсету тегін.

Мүгедектерге «Инватакси» қызметіне ЖБ 3 млн.мың теңге бөлініп 2855,0 мың теңгеге әлеуметтік тапсырыс аясында келісім шарт жасалды, оның 2783,1 мың теңгесі игерілді. «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ қолдауымен «Социал-Сервис» ЖШС мемлекеттік арнайы тапсырыспен келісім шартқа отырды. Қазіргі таңда сұраныс бойынша барлығы 41 мүгедектерге қызмет көрсетілуде.

2020 жылдың 1 қарашасына мүмкіндігі шектеулі 3 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 26 мүгедек өз тілектері бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып уақытша жұмыспен қамтамасыз етілсе, осы санаттағы 4 жас маман мамандығына сай Жастар тәжірибесіне, 7 адам белгіленген квота бойынша тұрақты жұмысқа және 10 адам уақытша маусымдық жұмысқа орналастырылды. «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 3 адам оқытылды. Сонымен қатар жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 2 адам жұмысқа орналастырылды және 1 адам қысқа мерзімді кәсіптік курска жолданды және 1 адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша несие алды.

 

Үйге бару арқылы арнайы қызмет көрсету бойынша

Бөлім бойынша үйге бару арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша 2 бөлімге меңгерушісі бар, бөлімшеде жалғыз басты, жалғық тұратын 227 қарттар, 33 ересек мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалар- 48, барлығы – 308 санын құрайды. Оларға үйге бару арқылы 49 әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетеді.

 

Документы
Ақпарат
11 ноября 2025
Мұғалжар ауданының әкімдігі
Алаяқтар жаңа айла-тәсілдерді меңгеріп жатыр! Сақ болыңыз!
Ақпарат
11 ноября 2025
Мұғалжар ауданының әкімдігі
Кірісті алмастыру коэффициенті туралы не білесіз? Зейнетақы мөлшерін қалай арттыруға болады?
Ақпарат
04 сентября 2024
Мұғалжар ауданының әкімдігі
"БЖЗҚ" АҚ Ақпараттық хабарламасы 2023 жылғы жылдық актуарлық есепті ұсынды.
Новости
Полезные материалы
«Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бойынша ағымдағы жылдың 1 қараша айына атқарылған жұмыстары  
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы