
«Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» ММ
«Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Мұғалжар ауданының аумағында жер қатынастарын реттеу саласын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы - аудан аумағында жер қатынастарын дамытудың тиімділігін қамтамасыз ету және жер ресурстарын пайдалану, ауданның жер қорының бөлінуін есепке алу, жер телімдерінің табысталуының ашықтығын қамтамасыз ету,жерге орналаласты жұмыстарын жүргізу.
Міндеттері:
Өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеу мемлекеттік мекеменің негізі болып табылады. Бұл қызметін 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және осыдан кейінгі Үкіметтің қабылдаған қаулыларына сәйкес ұйымдастырылады.
Функциялары:
- Жер кодексінің 13, 16, 18 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
- Геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу;
- Жерге орналастыру жұмыстарын қаржыландыру және жергілікті бюджет есебінен зоналарға бөлу жұмыстарын жүргізу;
- Мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
- Жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау;
- «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»;
- «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»;
- Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру;
- Жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу;
- Жер кодексінің 13, 16 және 18-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- Ауылдық атқарушы органдардың құзырына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын тиiстi өкiлдi органның бекiтуiне әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
- Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру;
- Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
- Арнайы жер қорын құру;
- Жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге табыс ету;
- Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп әзірлеу, ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;
- Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және ауданның жергілікті өкілді органына оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
- Иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
- Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
- Жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
- Елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
26.Жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
- Жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
- Ауданның жер балансын жасау;
- Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
- Жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- Жер кодекстің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
- Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
- Жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
- Жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
- Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- Жер кодексінің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жіберу;
- Пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;
- Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат беру;
- Инвентаризация жүргізу арқылы иесіз жер учаскелерін анықтау және есепке алу;
- Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату және жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату;
- Жер кодексінің 147-бабы 2-2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жердің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман, мелиорациялық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақытылы және дұрыс жүргізуін бақылау;
- Жер кодексінің 147-бабы 2-2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, тұздану, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғақтануды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақытылы және сапалы орындалуына, жергілікті атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердің уақытылы қайтарылуына мемлекеттік бақылау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларының орындалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
- Жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және құзыретті органдармен әкімшілік жауапкершілік бойынша істерді қарауға жататын ортақ тексерулер жүргізу, тағылған айыппұлдар туралы қаулының орындалуын бақылауға алу;
- Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, ауыл шаруашылығы жерлерде жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына, жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алу заңсыздықтарына тексерістер жүргізу;
- Жер кодекстің 71-1бабына сәйкес геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ұсыныстардың және шешімдердің жобаларын дайындау;
48.Гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыру және іске асыруды ұйымдастырады;
49. Облыстық жер қатынастары басқармасына ақпарат және айлық, жылдық есеп береді.
Құқықтары:
1) Бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да ұйымдармен қызмет бабындағы хат алмасуды жүргізу;
2) Аудан әкімінің шешімін талап етпейтін мәселелер жөніндегі хат-хабарларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау және қайтару;
3) Заңға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.