Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

 

«Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

 

 «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мемлекеттік мекеме) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

 Мемлекеттік мекемеде мынадай ведомство бар: «Мұғалжар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» .

 Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 Мемлекеттік мекеме заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Рсепубликасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

 Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.

 Мемлекеттік мекеме, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

 Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарын қабылдайды.

 Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штат санын аудан әкімдігі бекітеді.

 Мемлекеттік мекеменің заңды мекенжайы: индексі: 030700, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Салим Шынтасов көшесі, 2 үйі

 Мемлекеттік органның толық атауы:

Қазақ тілінде: «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

Орыс тілінде: государственное учреждение «Мугалжарский районный отдел занятости и социальных программ».

 Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Мұғалжар ауданының әкімдігі болып табылады.

 Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті және республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

 Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 Мемлекеттік мекеменің миссиясы – аудан бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саясатын жүзеге асыру.

 Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:

1) Азаматтардың жұмыспен және тиімді әлеуметтік қорғау жүйесімен қамтылуын қамтамасыз ету;

2) Кедейлік деңгейін төмендету;

3) Халықтың аз қамтылған топтарына атаулы көмекті және нәтижелілік әлеуметтік көмекті нығайту;

4) Өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларға әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

5) Кедейшілік жөнінде мониторинг жүргізу.

Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген функцияларды жүзеге асырады.

Документы
Шешім
17 октября 2025
Мұғалжар ауданының әкімдігі
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 177 «Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шешім
23 июля 2025
Мұғалжар ауданының әкімдігі
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі № 255 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шешім
15 мая 2025
Мұғалжар ауданының әкімдігі
Мұғалжар ауданындық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 177 « Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Новости
Полезные материалы
Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2021 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы
Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2021 жылдың 1 тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы
Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы