
«Мұғалжар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ
«Мұғалжар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-і жергілікті қаржыланатын, ауданның елді мекендерінде құрылыс, аумақтарда құрылыс салу және сәулет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын ҚР мемлекеттік органы болып табылады.
«Мұғалжар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-і сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттеу және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендермен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытып мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаржыны оңтайлы және тиімді жұмсауды қамтамасыз етеді.