
Мұғалжар аудандық білім бөлімі
Мұғалжар ауданы бойынша 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны 22965 құрайды, оның ішінде 0-ден 6 жасқа дейінгі - 10500 бала, оның ішінде 3-тен 6 жасқа дейінгі - 4788 бала.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары
Мұғалжар ауданында 52 мектепке дейінгі ұйым (контингенті – 3672) , 24 шағын орталық (контингенті – 844) жұмыс атқаруда.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтудың жалпы деңгейі 83,1%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100 % құрайды.
Мектепке дейінгі мекемеде мұғалімдер саны – 383.
Жалпы білім беретін мектептер
Жалпы білім беретін 37 мектеп бар (24 орта, 11 негізгі, 2 бастауыш), (23 мектеп мемлекеттік тілде).
Контингент – 12465
2019-2020 оқу жылымен (12007 оқушы) салыстырғанда, контингент - 458 оқушыға көбейді.
1 сынып – 1447
4 сынып – 1322
9 сынып – 1006
11 сынып – 535
1184 – мектепке дейінгі тәрбиеленушілер.
Мұғалжар ауданында 2020-2021 оқу жылында үш ауысымда оқитын мектептер жоқ.
Мектептерде 1695 мұғалім жұмыс істейді (оның ішінде 1695 мүғалім тәрбие жұмыстарын жүргізеді).
Жалпыға бірдей білім беру қорынан 825 оқушыға (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім, аз қамтылған отбасы балаларына) спорттық киімдер және мектепке қажетті оқу құралдары алынып берілді.
Барлық мектеп бейне бақылау камераларымен толық қамтылды.