БЖЗҚ мамандары журналистер, блогерлер және журналистика факультетінің студенттеріне арналған бірегей семинар өткізеді! 💬 Зейнетақы жүйесін түсінудің қыр-сырын үйреніп, сарапшылармен тікелей пікір алмасуға тамаша мүмкіндік. 🗓 20 қараша –орыс тілінде 🗓 21 қараша – қазақ тілінде ⏰ 10:00–12:00 Алматы, Самал-2, 97 (офлайн) 💻 Онлайн қатысу мүмкіндігі бар Бағдарламада: •Әлемдік және қазақстандық зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері •Зейнетақы активтерін басқару •Төлемдер мен салықтар •Қаржы тақырыбында сапалы материал жазу тәсілдері 📩 Қатысу тегін, бірақ алдын ала тіркелу қажет: press@enpf.kz поштасына аты-жөніңізді, оқу орныңызды немесе БАҚ атауын, қатысу форматын (онлайн/офлайн) және байланыс нөміріңізді жазыңыз.