GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Құжаттар
Все материалы
16 октября 2026
Ақтөбе облысында инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

 

Биыл өңірде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту ұлттық жобасы аясында жалпы құны 30,2 млрд теңгені құрайтын20 жоба іске асырылып жатыр. Оның 14-і бойынша мердігерлер анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

Қалған жобалар бойынша дайындық шаралары жалғасуда.

Жобалар аясында сумен жабдықтау, кәріз, жылу және электр желілерін жаңғырту көзделген. Негізгі міндет – инженерлік желілердің тозу деңгейін кезең-кезеңімен төмендетіп, олардың сенімділігі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.

Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаевтың айтуынша, инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары алдағы жылы да жалғасады.

«Инженерлік желілерді жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз коммуналдық қызметпен қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі. Биыл 20 жобаны іске асыру жоспарланса, келесі жылға жалпы құны 30,4 млрд теңгені құрайтын тағы 14 жоба қалыптастырылды. Қазірдің өзінде оларды жүзеге асыруға қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде», – деді Арысұлан Айтбаев.

Келесі жылға жоспарланған жобаларды алдын ала пысықтау инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын үздіксіз жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте инженерлік желілердің жай-күйін жақсарту, олардың сенімділігін арттыру және коммуналдық қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз ету негізгі басымдық болып қала береді.

13 октября 2026
Ақтөбе облысының тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды

 

2026 жылдың тоғыз айындағы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды.

Отырыста экономиканың негізгі салаларындағы оң динамиканы сақтау, инвестициялық белсенділікті арттыру және жылдық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Адайбек Есенаманов баяндама жасап, өңір дамуының негізгі көрсеткіштерін таныстырды.

2026 жылғы қаңтар–қыркүйек қорытындысы бойынша облыстың қысқамерзімді экономикалық индикаторы 101,8%-ды құрады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, негізгі капиталға салынған инвестициялар, сауда және тұрғын үй құрылысы сияқты жеті негізгі көрсеткіштің алтауы бойынша оң динамика қалыптасты.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,3 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 101,1%-ды құрады. Ауыл шаруашылығында 337,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 102,8%-ға жетті.

Құрылыс саласында 12,3%-дық өсім тіркелді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 353,3 млрд теңге. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 880,3 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға өсті.

Өңірдегі тауар айналымы 2 трлн теңгені құрап, өсім 1,3% болды. Тоғыз айда облыста 633 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға жоғары.

Жиын барысында Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының даму қарқыны да қаралды. Қатысушылар инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын, өндірістік қуаттарды дамыту, құрылыс пен инфрақұрылым мәселелерін, сондай-ақ жергілікті жерлердегі экономикалық белсенділікті одан әрі арттыру мүмкіндіктерін талқылады.

Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға баса назар аударылды. Қала және аудан әкімдеріне бейінді басқармалармен бірлесіп, кәсіпорындар және инвесторлармен жұмысты жандандыру, перспективалы жобаларды сүйемелдеу және оларды іске асыруда туындайтын мәселелерді уақытылы шешу тапсырылды.

Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік пен құрылыс саласын дамыту, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу маңызды бағыттардың бірі болып қала бермек. Бұл бағыттардағы жүйелі жұмыс облыстың экономикалық әлеуетін нығайтып, жыл қорытындысы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Отырысты қорытындылаған облыс әкімі Асхат Шахаров мемлекеттік органдар жұмысының үйлесімділігін қамтамасыз етіп, нысаналы көрсеткіштердің орындалуын бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

«Тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасының негізгі бағыттарында оң динамика сақталып отыр. Біздің міндетіміз – қол жеткізілген нәтижелерді бекітіп, жылдық жоспарлардың толық орындалуын қамтамасыз ету. Ол үшін бейінді басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерінің өзара іс-қимылын күшейтіп, кәсіпорындар және инвесторлармен жұмысты жандандыру қажет. Жобаларды іске асыру барысында туындайтын мәселелерді уақытында шешу маңызды. Инвестиция тарту, өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашуға назар аудару керек. Әрбір басшы өз бағыты бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, нақты нәтижелерге бағдарлануы және жүктелген міндеттердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауы тиіс. Жыл соңына дейін облыс экономикасын одан әрі дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалану қажет», – деді өңір басшысы.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты басшыларға әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары бойынша жұмысты жалғастыру, бизнеспен өзара іс-қимылды күшейту және 2026 жылдың соңына дейін белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ету міндеттелді.

24 сентября 2026
Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы тағайындалды

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен, Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен Нұргелді Сүлейменұлы Өтемұратов Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Нұргелді Өтемұратов 1989 жылы Әйтеке би ауданында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: қаржы, құқықтану, дене шынықтыру және спорт.

Еңбек жолын 2010 жылы әскери қызметтен бастаған. Әр жылдары ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында басшылық қызметтер атқарған.

2020–2025 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің кеңесшісі және қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы болды. 2025 жылғы сәуірден бастап Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

15 сентября 2026
Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі семинар-кеңес

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Руслан Шамшадинұлы Мажитовтың төрағалығымен Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы  және Жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлерімен семинар-кеңес өтті.

Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:

- мемлекеттік қызметшілердің Эдеп кодексін,

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,

- әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу,

- жұмыс уақытының тәртібі мен қызметтік тәртібі.

02 сентября 2026
Асхат Шахаров Азия және әлем чемпионы Ерлік Сертайды қабылдады

 

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров семсерлесуден Азия және әлем чемпионы Ерлік Сертайды қабылдады.

Кездесу барысында өңір басшысы спортшыны халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелерімен құттықтап, оның жетістігі Ақтөбе облысының семсерлесу спорты үшін маңызды белес екенін атап өтті.

«Облысымызда семсерлесу спорты жақында ғана дами бастағанына қарамастан, қысқа уақыт ішінде тарихи нәтижеге қол жеткіздік. Азия және әлем чемпионы атанғаныңызды естіп, қуандық. Бұл – Сіз бен бапкеріңіздің қажырлы еңбегі, жоғары тәртіп пен төзімділіктің нәтижесі. Жетістіктеріңіз жас спортшыларға үлгі», – деді Асхат Шахаров.

Өңір басшысы спортшыларға көрсетілетін қолдау жалғасатынын сөз етті. Кездесу соңында облыс әкімі спортшы мен оның бапкеріне алғыс білдіріп, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

Ерлік Сертай – Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, халықаралық және Азия деңгейіндегі жарыстардың жүлдегері. Семсерлесумен 2013 жылдан бері айналысады. Спорттағы алғашқы қадамын Қаркен Ахметов атындағы олимпиадалық резервтегі спорт мектебінде бастаған.

Спортшы 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысып, командалық есепте 6-орын иеленді. 2024 және 2026 жылдары Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар Азия чемпионаттарының жүлдегері, 2022 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. 2026 жылы Будапешт Гран-приінде жеке есепте күміс жүлдеге ие болды. Сол жылы әлем чемпионатында командалық есепте чемпион атанды.

Ерлік Сертайдың халықаралық аренадағы нәтижелері Ақтөбе облысында семсерлесу спортының дамуына және жас спортшылардың осы спорт түріне қызығушылығын арттыруға серпін береді.

18 августа 2026
Ақтөбе облысы аумақтық қорғаныс бригадасының батальон басқармасымен және күзет ротасы басқармасымен әскери жиындар мен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізу туралы

Аумақтық қорғаныс бригадасының батальон бөлімшелерімен және күзет ротасы  басқарма басшылығымен тактикалық-арнайы оқу – жаттығулар өткізілді.

Оқу-жаттығулар барысында оқу-жаттығуға шақырылған әскери міндеттілер тактикалық және жауынгерлік дағдыларын жетілдіреді, стратегиялық маңызы бар нысанды қорғау сияқты оқу-жаттығулардың тұжырымдамасына сәйкес тактикалық және қорғаныс әрекеттерін меңгереді.

03 июля 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына қатысты мәселелерді талқылау бойынша семинар-кеңес өткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменттің бас мамандары Е.Байниязов пен Н.Досекешов Ақтөбе облысы жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы, сондай-ақ Жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді.

Көтерілген мәселелер:

Жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу: Жұмылдыру дайындығы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және бағынысты ұйымдардағы мемлекеттік сатып алу процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету;

Қызметтік әдеп стандарттары: Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын, мінез-құлық қағидаларын қатаң сақтауы және мүдделер қақтығысын болдырмау шаралары;

Заңдылықты нығайту: Лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілеріне жол бермеу және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылардың сауалдарына құқықтық түсіндірмелер беріліп, қызметтік тазалық қағидаттарын енгізу бойынша нақты ұсынымдар жолданды.

22 июня 2026
Әдеп және қызметтік тәртіп мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

16 маусымда облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ризагүл Омарованың басшылығымен Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының  қызметкерлерімен семинар-кеңес өтті.

Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,

- әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу,

- жұмыс уақытының тәртібі мен қызметтік тәртіп,

- мемлекеттік қызметшілердің Эдеп кодексін сақтау,

- қызметтік қатынастарда харассменттің (қысым көрсету) алдын алу шаралары,

- діни мәселелерге қатысты талаптарды сақтау,

- «Заң және тәртіп» идеологиясы тұжырымдамасы бойынша.

11 июня 2026
Хабарландыру

«Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» КММ-де Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 22 маусым – 22 шілде аралықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізіледі.

Ішкі талдаудың мақсаты-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау.

Қоғамдық кеңес мүшелері ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамына қатыса алады.

Қосымша ақпарат алу үшін басқарманың  бас маманы Есенкулова Балнур Алибековнаға  8(7132) -74-75-33  телефоны арқылы хабарласуға болады.

04 июня 2026
Ақтөбеде 10 мың адам бір мезетте Мемлекеттік Әнұранды орындады

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақтөбе облысында кең ауқымды патриоттық акция өтті. Өңірдегі кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, бюджеттік ұйымдар, жастар ұйымдары, волонтерлар мен құқыққорғау органдарының өкілдері бір мезетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады.

Ауқымды шараға барлығы 10 мыңнан астам адам қатысып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін білдірді. Акцияның басты мақсаты – елдік құндылықтарды дәріптеу, азаматтардың отансүйгіштік рухын нығайту және мемлекеттік рәміздердің мәртебесін арттыру.

Мерекеге орай «Қазақойл Ақтөбе» АҚ бас директорының бірінші орынбасары м.а. Асхат Өтегенов қатысушыларды құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің маңызды нышаны екенін атап өтті.

«Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихын, мәдениетін және тәуелсіздігін айшықтайтын қастерлі құндылықтар. Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатып, елге деген сүйіспеншілікті нығайтады. Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын», – деді ол.

Мұндай шаралар қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтып, жас ұрпақтың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға ықпал етеді.
 
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы