«Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық
және азаматтық қорғаныс басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - басқарма) жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады
- Басқарманың ведомстволық бағынысты мекемесі бар:
«Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» мемлекеттік мекемесі.
- Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрлері, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Басқарманың, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Басқарма өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Басқарманың орналасқан жері: индексі 030010, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.
- Басқарманың құрылтайшысы Ақтөбе облысының әкімдігі, осы Ереже басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
- Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен басқарманың өкілеттілігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық актілермен басқармаға кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жолданады.
2-тарау. Жұмылдыру органның (Басқарманың) негізгі міндеттері
- Жұмылдыру органдарының негізгі мендеттері:
- мемлекеттік органдарын және жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын соғыс жағдайы режиміне ұйымдасқан түрде көшіруді жүзеге асыруға қатысу;
- жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында экономиканың тиісті салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктердің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында жұмылдыру іс-шараларын орындауға әзірлік деңгейін арттыру болып табылады;
- облыс аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыруды, аумақтық және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ облыс аумағында әскери жиындар, әскери есеп және азаматтарды әскери қызметке шақыру мәселелерін шешуді ұйымдастыру;
- облыс, қала, аудан әкімдіктерінің құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ жұмылдыру тапсырмалары және тапсырыстары бар, облыс аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс аясындағы шаруашылық, сонымен бірге әскери есеп азаматтарды әскери жиындарға және әскери қызметке шақыруды атқарып жатқан ұйымдардың қызметтерін үйлестіру;
- әскери басқарудың жергілікті органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмыстарына көмек көрсету, облыс аумағында өткізілетін әскери-экономикалық және командалық-штабтық жиындарға қатысу.
- Қойылған міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін жұмылдыру органдары:
1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс, сондай-ақ әскери есепке алу мен азаматтарды әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізеді;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінен оларға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпарат пен мәліметтерді белгіленген тәртіппен сұратады және алады;
- қажет болған жағдайда мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелері, сондай-ақ әскери есепке алу мен азаматтарды әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша ақпарат береді;
- жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелері, сондай-ақ әскери есепке алу мен азаматтарды әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша жұмылдыру (жергілікті) тапсырыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ әскери басқару органдары өкілдерінің қатысуымен кеңестер ұйымдастырып, өткізеді;
- белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен ұйымдардың мамандарын жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелері, сондай-ақ әскери есепке алу мен азаматтарды әскери қызмет мен әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша іс-шараларды орындауға тартады;
- жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс, сондай-ақ әскери есепке алу мен азаматтарды әскери қызмет пен әскери жиындарға шақыру жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында ақпараттық деректер банкін пайдаланады;
- белгіленген тәртіппен жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс мақсаты үшін, сондай-ақ әскери есепке алу мен азаматтарды әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша мемлекеттік, ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдаланады;
- жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласындағы, сондай-ақ әскери есепке алу мен азаматтарды әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
- қосалқы, жанама және жылжымалы басқару пункттерін құруға қатысу;
- өкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, қалаларды азаматтық қорғаныс санатына ұйымдарына, тобына жатқызу бойынша тізілімді дайындауға қатысу;
- азаматтық қорғаныс төңірегіндегі өкілетті органның аумақтық бөлімшесінің ұсынысы бойынша, азаматтық қорғаныс мүліктерін дайындықта ұстау, толтыру, сақтау жаңарту бойынша қажетті шараларды ұйымдастыру және көлемдерін анықтау.
3-тарау. Жұмылдыру органдарының негізгі функциялары
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс бойынша, сондай-ақ әскери есепке алу мен азаматтарды әскери қызмет пен әскери жиындарға шақыру мәселелері жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдемдеседі, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізуге қатысады;
- жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, қорғаныс пен әскери қауіпсіздік, аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелері, сондай-ақ әскери есепке алу мен азаматтарды әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері саласындағы құқықтық актілерді әзірлейді және іс-шараларды іске асыруды ұйымдастырады;
- облыстардың, сондай-ақ жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырмалары бар және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, қорғаныс және әскери қауіпсіздік, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласында, сондай-ақ әскери есепке алу мен азаматтарды әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша шаруашылық қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етуге қатысады;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде әскерге шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы құлақтандыруды және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдер мен арнаулы мемлекеттік органдарға техника жеткізуді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында өздерінің басқаруындағы облыстық коммуналдық меншікті қорғаныс мұқтаждықтары үшін береді;
- жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның келісуі бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жұмылдыру жоспарын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шаралар өткізеді;
- соғыс жағдайы кезінде облыстардың, қорғаныс кеңестерін құру туралы әкімдер шешімдерінің жобаларын дайындау;
- жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында міндетті күзетуге және қорғалуға жататын маңызды объектілер мен коммуналдық маңызы бар коммуникациялардың тізбесін әзірлеп, бекітеді;
- кезекті жылға арналған әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру дайындығы жоспарларын әзірлеп, бекітеді;
- Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі) бекіткен саны мен құрылымы шегінде аумақтық әскердің аумақтық органдарын, ұстау, қызмет көрсету және жөндеуді қоса алғанда, қызметтік бөлмелермен, көлік құралдарымен, техникалық ақпарат, телекоммуникация және байланыс құралдарымен, жиһаздармен және казармалық инвентармен, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді, электр энергиясын, жылу және байланыс қызметтерін төлеу бойынша шығындарды, аумақтық әскерлерді арнайы өрістету, аумақтық қорғаныстың әскери міндетті бөлімшелерімен жиындар өткізу кезінде соғыс уақытындағы штаттық қажеттіліктердің нормасына сәйкес материалдық-техникалық құралдардың қорын құруды қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Бас штабының келісуі бойынша облыстың, аумақтық қорғанысының жоспарын әзірлеп, бекітеді;
- азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемін айқындайды және жинақтау, сақтау, жаңарту және дайын күйде ұстау бойынша қажетті шараларды қабылдайды;
- жұмылдыру тапсырыстары бар жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың жұмылдыру органдарының қызметкерлерін мемлекеттік басқару, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғау, сондай-ақ азаматтарды әскери қызметке және әскери жиынға шақыру саласында мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқытуға (магистратура, докторантура және біліктілігін арттыру курстарына) іріктеу және жіберу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасына соғыс қаупі төнген кезде, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Әкімдіктің іс-қимыл жоспарын әзірлеп, бекітеді, сондай-ақ оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
- ел қорғанысы мүддесінде Өңір аумақтарын жедел жабдықтау жоспарын әзірлеп, бекітеді;
- дағдарыстық мәселелердің алдын алу және шешу мәселесі күштік органдармен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырады;
- әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пунктерімен, оларды күтіп ұстауды, дәрі-дәрмектермен, керек-жабдықтармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз етеді;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерді жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарлар өндіруге, жұмыстар атқаруға және қызметтер көрсетуге арналған шарттар (келісімшарттар) жобасын келіседі;
- жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпарат береді;
- жұмылдыру саласындағы уәкілетті органға, аумақтық және азаматтық қорғаныс бойынша, сондай-ақ әскери есепке алу мен азаматтарды әскери қызмет пен әскери жиындарға шақыру органдарына тиісті саланы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- мемлекеттік органдармен бірлесіп, экономиканы жұмылдыру жоспарлары орындауға дайындау жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысады;
- аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келіседі;
- жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бойынша, сондай-ақ әскери есепке алу мен азаматтарды әскери қызмет пен әскери жиындарға шақыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемдері бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
- халық арасында жұмылдыру жариялаған кездегі іс-қимылдар тәртібі туралы түсіндіру жұмысын жүргізуге қатысады;
- қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына арналған техникалық құжаттаманың сақтандыру қорын, аса маңызды азаматтық өнімнің, сондай-ақ тәукелі жоғары объектілердің, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің және ұлттық игілік болып табылатын объектілердің жобалық құжаттамасын жасауға және сақтауға қатысады;
- жұмылдыру жариялаған кезде арнайы құрылымдар мен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға, арнаулы мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға жеткізуге арналған техниканы даярлауға қатысады;
- жұмылдыру тапсырыстары бар мекемелер мен ұйымдарда жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтар қорларын құру, жинақтау, сақтау және жаңарту жөнінде ұсыныстар қалыптастыруға қатысады;
- өткізілетін жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты, сондай-ақ әскери есепке алу мен азаматтарды әскери қызмет пен әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуц бойынша өткізілетін іс-шараларға қатысады;
- жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс, сондай-ақ әскери есепке алу мен азаматтарды әскери қызмет пен әскери жиындарға шақыру салаларында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысады;
- жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен белгіленген жергілікті жұмылдыру тапсырыстары орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде аумақты жедел жабдықтау және әскери инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауға қатысады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-тарау. Жұмылдыру органдарының қызметін ұйымдастыру
- Жұмылдыру органдарының құрылымы, штат саны, өкілеттіктері жұмылдыру тапсырмалары мен жұмылдыру тапсырыстарының сипаты мен көлемін, міндеттері мен функцияларын негізге ала отырып айқындалады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі;
- Жұмылдыру органдары өз қызметін мемлекеттік органдар және жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ өз құзыреті шегінде жұмылдыру тапсырыстары бар аумақтық органдардың, бағынысты мекемелер мен ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асырады.
- Мемлекеттік органдардың және жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру органдары бейбіт өмірде азаматтық қорғаныс жөніндегі штаттық бөлімшемен ұйымдық түрде бірлесуі мүмкін.
- Жұмылдыру органдарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымдық қызметке тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшылар басқарады.
- Жұмылдыру органдары мен олардың жұмыскерлеріне оларға тән емес міндеттерді немесе басқа функционалдық міндеттерді қоса орындауды жүктеуге жол берілмейді.
- Мемлекеттік органдарда және жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар және ұйымдарда жұмылдыру іс-қағаздарын жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттігі
- Басқармаға басшылық ету – басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына, өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауап беретін бірінші басшымен жүзеге асырылады.
- Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сай лауазымға сайланып, лауазымнан босатылады.
- Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) басқарманың жұмысын ұйымдастырып басқарады және басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына, өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауап береді;
2) бөлім басшылары мен қызметкерлердің және ведомстволық бағынысты мекеме басшысының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) қолданыстағы заңнамалармен белгіленген тәртіпте басқарманың қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты мекеме басшысын лауазымға сайлайды немесе лауазымынан босатады;
4) қолданыстағы заңнамалармен белгіленген тәртіпте басқарманың қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты мекеме басшысына марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік шара қолдану мәселелерін шешеді;
5) қолданыстағы заңнамалармен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағынысты мекеме қызметкерлерін лауазымға сайлау, лауазымнан босату, сондай-ақ тәртіптік шара қолдану мәселелерін бекітеді;
6) бөлімдердің ережелері мен басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өз құзыретінің аясында бұйрықтар, тапсырмалар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда басқарманың өкілі болып табылады;
9) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының үнемді және мақсатты жұмсалуын қадағалайды.
10) басқарманың құзыретіне жататын сұрақтар бойынша құқықтық нормативтік актілердің және өзге де құжаттардың, бағдарламалық жобалардың орындалу барысын қадағалайды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшының жоқ кезінде, оның міндеттерін (өкілеттіктерін) орындау, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оны алмастырушы тұлғамен жүзеге асырылады.
6-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
- заңнамалармен қарастырылған жағдайларда, басқарманың, өзінің шұғыл басқаруында ерекшеленген мүліктерге ие болуы құқығы бар.
Басқарманың мүлкі меншік иелерінің берген мүліктерінің есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларымен шектеу қойылмаған, өзінің қызметінің нәтижесінде алынған немесе өзге де мүліктерден (қаржылай табыс көзін қоса) құралады.
- басқармаға бекітілген мүліктер коммуналдық меншікке жатады.
- егер заңмен басқа жағдайлар көрсетілмесе, басқарманың өзіне қаржыландыру жоспарымен бекітілген мүліктерді өз еркімен меншіктен шығаруына немесе басқаша бір жағдайда пайдалануына құқығы жоқ.
7-тарау. Мемлекеттік органның қайта құрылуы және таратылуы
- Басқарманың қайта құрылуы немесе таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.