GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Қызметі
Все материалы
21 октября 2026
⚜️ ЕЛ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕСЕЛІ ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ

 

Aудан әкімі Нұржан Мақсатов аудандық мәслихаттың VIII шақырылым депутаттарымен кездесіп, ауданның дамуы мен ел игілігі жолындағы еңбектері үшін алғыс білдірді.

VIII шақырылым кезеңінде 60 сессия өткізіліп, 353 шешім қабылданды және 46 депутаттық сауал жолданды.

Кездесуде аудан басшысы депутаттардың тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін атап өтіп, белсенді қызметі үшін алғыс хаттар табыстады.

Ел мүддесі жолындағы бірлескен еңбек – ауданның тұрақты дамуының маңызды негізі. 

21 октября 2026
✨ Тәуелсіздік тұғыры – туған жердің мақтанышы!

25 қазан – еліміздің тарихындағы маңызды мерекелердің бірі, Республика күні!

Осы айтулы мерекеге орай баршаңызды елдігімізді дәріптеп, ұлттық рухымызды асқақтататын мерекелік іс-шараға шақырамыз! 🇰🇿

📅 Өтетін күні: 23 қазан
🕓 Уақыты: 16:00
📍 Өтетін орны: Мәртөк аудандық Мәдениет үйі

Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман болсын! 💙

Мерекелік кешіміздің қадірлі қонағы болыңыздар!

19 октября 2026
2027 жылдан бастап «А» және «В» санатындағы отбасыларға әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгереді

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінің деректерін ескере отырып, халыққа атаулы әлеуметтік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру мәселесі талқыланды.

Алдағы өзгерістерге байланысты өңір басшысы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева хабарлағандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қолдау көрсетудің жаңа қағидатына көшуге дайындалып жатыр. Оның негізгі қағидасы – «алдымен — қажеттілік, содан кейін — мақсатты көмек».

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап республикалық бюджеттен төленетін жекелеген әлеуметтік төлемдер отбасының мұқтаждық деңгейіне қарай тағайындалады. Ол «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі арқылы анықталады.

«Жүйе отбасылардың жағдайын 70-тен астам критерий бойынша бағалайды. Олардың қатарында табыс деңгейі, жұмыспен қамтылуы, тұрғын үйінің болуы, жер учаскелері мен көлік құралдарының бар-жоғы, кәсіпкерлікпен айналысуы, мал саны және басқа да көрсеткіштер бар. Бағалау нәтижесінде отбасылар әл-ауқаты жоғары деңгейден бастап экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға дейін бес санатқа бөлінеді. «А» және «В» санатындағы отбасылар негізінен өздерін дербес қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар отбасыларға жатқызылады. Ал «С», «D» және «Е» санатындағы отбасыларға мемлекеттік қолдау толық көлемде сақталады», – деп нақтылады Ләззат Уразбаева.

2027 жылдан бастап «А» және «В» санатындағы отбасыларға әлеуметтік төлемнің 14 түрі тағайындалмайды. Олардың қатарында бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне төленетін төлем, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне арналған төлемдер, III топтағы мүгедектігі бар азаматтарға берілетін төлемдер, сондай-ақ асыраушысынан айырылған жекелеген санаттағы азаматтарға және I топтағы мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға күтім жасайтын тұлғаларға арналған төлемдер бар.

Өзгерістер қазіргі уақытта әлеуметтік төлем алып отырған азаматтарға да, алдағы уақытта төлем тағайындауға өтініш білдіретін азаматтарға да қатысты болады.

Отбасыларды «А» және «В» санаттарына жатқызудың негізділігін тексеру мақсатында 29 195 азамат арасында сауалнама жүргізілген. Оның нәтижесі бойынша 3 937 адам «А» санатына, ал 25 258 адам «В» санатына жатқызылған. 27 298 жағдайда, яғни жалпы санның 93,5 пайызында, бағалау нәтижелері расталған. Ал 1 897 жағдайда (6,5 пайыз) растау алынбаған. Сауалнама нәтижелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданған.

Баяндамашының айтуынша, қазіргі уақытта жүйе банктердің және басқа да мемлекеттік органдардың дерекқорларымен ықпалдастырылып жатыр. Осыған байланысты аталған санаттарға жатқызылған отбасылардың саны өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар eGov порталында азаматтарға өз отбасының санатын алдын ала анықтауға мүмкіндік беретін арнайы калькулятор қолжетімді.

Талқылауды қорытындылаған Асхат Шахаров алдағы өзгерістердің себептері мен тәртібін халыққа түсінікті тілде жеткізудің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, отбасының табыс деңгейіне байланысты төлемдердің тоқтатылуы нақты әрі түсінікті түсіндіру жұмыстарымен қатар жүруі керек. Әрбір азамат өз отбасының неліктен белгілі бір санатқа жатқызылғаны туралы нақты әрі негізделген жауап алуы тиіс. Бағалау кезінде жүйеде көзделген барлық көрсеткіштер, соның ішінде мүлік, табыс және жұмыспен қамту деңгейі ескерілуі қажет.

Өңір басшысы жауапты басқармалар мен аудан әкімдіктеріне бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және халықпен кездесулер арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Түсіндіру жұмыстары жұмыспен қамту бөлімдерімен бірлесіп жүргізіліп, тұрғындармен кері байланыс қамтамасыз етілуі тиіс.

19 октября 2026
🔹️АУДАН ӘКІМІ КӨКПЕКТІ ЖӘНЕ ЖАЙСАҢ АУЫЛДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов Көкпекті және Жайсаң ауылдарына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті.

Сапар барысында аудан басшысы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының жұмысымен танысты. Сондай-ақ «Жайсаң-авто» шекаралық-көліктік бақылау бөліміне, «Жайсаң» кемпингіне және «Наурызғали» шаруа қожалығына барды.

Тұрғындармен кездесулерде елді мекендердің өзекті мәселелері талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

 

 

16 октября 2026
Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов Тәңірберген және Сарыжар ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, Кеңсахара, Саржансай және Сарыжар ауылдарының тыныс-тіршілігімен танысты.

Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов Тәңірберген және Сарыжар ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, Кеңсахара, Саржансай және Сарыжар ауылдарының тыныс-тіршілігімен танысты.

Сапар барысында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын аралап, жаңа тұрғын үйлер мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жай-күйін көрді. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашылған автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығына, шаруа қожалығы мен наубайханаға барды.

Аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер мен ұсыныстарын тыңдады. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. 


13 октября 2026
🔹️АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
 
Қабылдау барысында тұрғындар жұмысқа орналасу және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлімдерге тапсырмалар беріліп, оларды қолданыстағы заңнама аясында шешу жолдары қарастырылды.
 
Аудан әкімі тұрғындарды жұмыс кестесіне сәйкес, алдын ала жазылу бойынша апта сайын қабылдайды.
 
📍 Жазылу үшін: Мәртөк ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімі
Мәртөк ауылы, С. Сейфуллин көшесі, 36
☎️ 8 (71331) 21-9-14

Спорт
13 октября 2026
🥈 МӘРТӨКТІК СПОРТШЫ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов жауынгерлік самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жансанат Кабдракимовты қабылдап, жоғары жетістігімен құттықтады.

Жансанат 2007 жылы Мәртөк ауданында дүниеге келген. 2017–2022 жылдары Мәртөк балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо бөлімінде бапкер Тілеуқабыл Амантурлиевтің жетекшілігімен жаттыққан.

2026 жылғы 2–4 қазанда Грекияның Салоники қаласында өткен жастар арасындағы жауынгерлік самбодан әлем чемпионатында 79 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленіп, күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Филиппиннің Манила қаласында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Кездесу барысында аудан басшысы спортшыға демеушілер есебінен бір бас жылқы табыстап, алдағы жарыстарына және оқуына сәттілік тіледі.

Қазіргі таңда Жансанат Алматы қаласындағы ауыл шаруашылығы бағытындағы жоғары оқу орнының 3-курс студенті, «Агроинженерия» мамандығында білім алуда.

Жерлесімізді жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы додаларда биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

12 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы.

Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар.

Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс салығы салынбайды.

Жинақтарыңыз туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен және БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасынан тексере аласыз.

12 октября 2026
🔹️Аудан әкімі Қаратоғай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов Қаратоғай ауылдық округіне барып, тұрғындармен кездесті.

Сапар барысында ветеринарлық пункттің құрылысы, жаңа тұрғын үйлердің жай-күйі және абаттандыру жұмыстары қаралды.

Сондай-ақ мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, спорт кешені мен ауылдық клубтың жұмысына назар аударылды. переведи на русский

Аудан басшысы «Ауыл аманаты» жобасы аясында құс шаруашылығын дамытып отырған кәсіпкер Роза Мамбетованың кәсібімен және «ПГС-Қаратоғай» ЖШС-нің өндірістік қызметімен танысты.

09 октября 2026
АҚҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов Аққұдық ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, Первомай, Достық, Жаңажол, Вознесеновка және Қарабұлақ ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Сапар барысында аудан басшысы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, мектептердің, медициналық пункттердің, ауылдық клубтардың, балабақшаның, дәрігерлік амбулаторияның және тұрғын үйлердің жай-күйін зерделеді. Сонымен қатар Достық ауылында салынып жатқан 60 орындық жаңа мектептің құрылыс барысын қарап шықты.

Кездесулер барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, ауылдардағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік нысандардың жағдайы мен инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы мәселелерге назар аударылды.

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарын толғандырған мәселелерді жергілікті жерде зерделеп, оларды шешу жолдарын талқылау және елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті міндеттерді айқындау.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы