
Жуырда аудан тұрғындары 2020 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» жобасы» аясында қатысушыларына және бизнес идеяларды іске асыруға арналған 200 АЕК мемлекеттік гранттар алуға өтініш бергендер көп. Бұл мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысқандардың бірі - Саржансай ауылының тұрғыны Жаңғарбай Алланазаров. Ол 555600 теңге қайтарымсыз грантқа ие болды.
Ол 2019 жылы аудандық жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздар есебіне тіркелген. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы арқылы «Бастау Бизнес» жобасына қатысып, сертификат алған. Алынған қаражатқа ұсақ мал басын сатып алуға ниеттеніп отыр.
- Осыдан бірнеше жылдар бұрын 30 шақты ұсақ малымыз болған. Белгілі бір себептермен мал санын азайтқан болатынбыз. Бүгінгі күні сол істі қайта қолға алмақ ниеттемін. Отбасым да қолдап отыр, грант қаржысы да түсті. Ақтөбе қаласындағы бір шаруамен келісіп қойдым, жақын арада Мемлекеттік грант есебінен «Заанинсские» тұқымды 1 бас теке, 5 бас ешкі аламын, - дейді Жаңғарбай Алланазаров. Мақсаты - асыл тұқымды ешкі басын көбейту және сүтін сату.
- Отбасыммен бірге мал шаруашылығымен айналысып мал басын көбейтуді, келесі жылы ешкі сүтін сатуды да жоспарлап отырмыз. Болшақта жер алып, шарауашылық құрып жұмысшы алсам ба деген ойым да бар.
Бұл бір жақсы жоба. Кәсіп ашамын дегендерге мемлекет берген үлкен мүмкіндік, - деп, мемлекеттің осындай қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіруде.