
Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы қатысты. Қарғалы ауданының әкімі Асқар Жүсібалиев ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталды. 2019 жылы ауданға 4,2 млрд.тг бөлінсе, 2020 жылы бұл қаражат едәуір артып, 6,7 млрд.тг. бөлінген. Ірі жобалар жүзеге асырыла бастады. Бадамша ауылында 300 орындық орта мектеп 70 орындық интернатымен бірге құрылысы жүргізілуде. 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар және ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілген. Сонымен қатар, аймақ басшысы аудан әкіміне берген хаттамалық , және аймақ басшысының есеп беру кездесуінің іс-шара жоспарының орындалуы тыңдалды. 2019 жылдың наурыз айынан 2020 жылдың 2 тамыз аралығында облыс әкімі тарапынан хаттамалық 39 тапсырма берілген. Оның 22-сі орындалған, 17-сі орындалуда. Облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров аудан өз әлеуетін толық пайдалана алмай отырғаныдығын атап өтті. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында ауданда жоба ашылмаған.
2020 жылы Қобда ауданына 8,3 млрд.тг. бөлінген. Өткен жылы 6,3 млрд.тг. қаралған болатын. Аудан әкімі Болат Құлов ауданда бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді. «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» автомобиль жолдарының 334-371,9 км-не күрделі жөндеу жүргізілуде. «Қобда-Мәртөк» жолдарына әр түрлі шақырымдары бойынша күрделі, орташа жөндеу жүргізілді. 2019 жылдың наурыз айынан 2020 жылдың 2 тамыз аралығында облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тарапынан аудан әкіміне берілген 34 хаттамалық тапсырманың 21-і орындалған.
Облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров ауданда орта және шағын бизнестің дамуы әлсіз екендігін айтты. Сондай-ақ, 2020 ж индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жоба жүзеге аспаған.
Мәртөк ауданына 2019 жылы 7,5 млрд.тг. бөлінсе, 2020 жылы 11,1 млрд.тг. қаралды. Аудан әкімі Ермек Кенжаханұлының мәліметінше қаражат көздеріне ірі жобалар жүзеге асуда. 2020 жылы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жем өндіру, сақтау және өңдеу жобасы іске қосылады. Родниковка ауылында сумен жабдықтау жүйесі қайта жөндеуден өткізілуде. Облыстық маңызы бар "Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк» автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілуде. Сонымен қатар, облыс басшысы берген 39 хаттамалық тапсырманың 27-сі орындалған. Қалғаны жыл соңына дейін орындалады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі жүргізген талдау нәтижесінде аталған үш аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желідегі белсенділігі қанағаттанарлық. Тұрғындардың ресми парақшалар арқылы қойған сауалдарына, көтерілген мәселелеріне уақытында жауап беріледі.
Аймақ басшысы Қарғалы, Қобда, Мәртөк ауданы әкімдеріне берілген тапсырмаларды жыл соңына дейін аяқтауды, және жүргізіліп жатқан құрылыстардың сапасын бақылауда ұстауды, жергілікті тұрғындармен етене байланыс орната отырып бірге жұмыс жүргізуді тапсырды.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі