ҚР Қарулы Күштерінің азаматтық персоналы eGov Mobile қосымшасы арқылы тұрғын үйге кезекке тұра алады.

ҚР Қарулы Күштерінің азаматтық персоналы eGov Mobile қосымшасы арқылы тұрғын үйге кезекке тұра алады.

Қызметті алу үшін:
- Мобильді қосымшада авторизациядан өту керек;
- Содан кейін қызметтер бөліміне өту қажет;
- «Әскери есеп» бөлімін таңдап;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері азаматтық персоналының (бюджеттік ұйымдар жұмыскерлерінің) қызметтік тұрғынжайға мұқтаж тұлғаларын есепке қою» қызметін таңдау керек;
- Барлық қажетті алаңдарды толтырыңыз және файлдарды жүктеп алыңыз;
- Қызметке қол қойыңыз.

👨‍💻Сондай ақ қызметті eGov.kz порталынан алуға болады, ол үшін «Азаматтарға» - «Әскери есеп және қауіпсіздік» - «Әскери қызмет» бөлімде - «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері азаматтық персоналының (бюджеттік ұйымдар жұмыскерлерінің) қызметтік тұрғынжайға мұқтаж тұлғаларын есепке қою» қызметін таңдаңыз.