Сарыжар ауылында Ұлттық спорт ойындарының орталығы ашылмақ

Сарыжар ауылында Ұлттық спорт ойындарының орталығы ашылмақ

Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында Ұлттық спорт ойындарының орталығын ашу жоспарлануда.
Орталықтың негізгі мақсаты – тұрғындар арасында ұлттық спорт түрлері мен ойындарын насихаттау және сапасын арттыру. Сондай-ақ, спорттық іс-шаралар мен турнирлерді ұйымдастыру, жас спорт дарындарын анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгін Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты, «Көкпар» федерациясының президенті Фархат Сансызбай, аудан басшысы Медет Ысқақов және құрылымдық бөлім басшылары Сарыжар ауылында болды. Ұлттық спорт ойындарына арнайы жерді белгілеп, жұмыс барысын талқылады.