
Мәртөкте бірлік мерекесі аталып өтті
Бүгін Мәртөк ауданында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі аталып өтті. Бұл мейрам – сан ғасырлар бойы қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың ынтымағын нығайтып, арман-тілегін бір арнаға тоғыстырған мереке.Сонымен қатар, аудан тұрғындары мен қонақтары театрландырылған қойылымға куә болып, концерттік бағдарламаны тамашалады. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.