Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2024 жылға шегерілді

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2024 жылға шегерілді

2022 жылы 26 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.

Заңға сәйкес, жұмыс берушілер есебінен міндетті зейнетақы жарналарын енгізу 2024 жылға шегерілді.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жаңа құрамдас бөлігі болып табылады. ЖМЗЖ зейнетақымен қамтамасыз ету жауапкершілігін мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасында бөлу арқылы елдегі зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейін арттырады.

Бұл құрамдауыш қызметкердің пайдасына оның БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына жұмыс беруші қызметкердің ай сайынғы табысының 5% мөлшерінде аударатын міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылады.

📈 Бұл ретте мөлшерлеме жыл сайын 1,5%-дан 2028 жылы 5%-ға дейін өсетін болады.