Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бағыт

Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бағыт

Бүгін жылдағы дәстүрге сай аудандық мәдениет үйінде Жаңа жылдық мерекелік шарасы өткізілді.

«Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бақыт!» атты салтанатты кештің басталуымен, аудан әкімі Алмас Салықбаев жиналған көпшілікті жаңа 2023 жылмен құттықтап: «Санаулы күндерден соң біз Жаңа 2023 жылға қадам басамыз. Өтіп бара жатқан барыс жылы ауданымыз үшін ерекше табысты жыл болды десем артық айтпаймын. Атап айтар болсам, 2022 жылы ауылшаруашылығы саласы үшін өнімді жыл болып 2005 жылдан бері қайталанбаған өнім алынды. Өнім көлемі – 18,9 ц/га құрады.», - дей келе ауданымызда жыл көлемінде атқарылған жұмыстар мен жетістіктерді атап өтті.

Содан соң, кеш барысында жылдың қорытындысымен әр сала бойынша «Жыл адамы-2022», «Мәртөк ауданының Құрметті азаматы», «Жыл демеушісі», «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» номинациялары бойынша марапатталды.

Салтанатты жиын одан әрі ауданымыздың өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты. Шаттыққа толы мерекенің куәсі болған көпшілік әсем әнге бөленген кештен ерекше көңіл күйге бөленді.