Ақ бата мен ақ тілек

Ақ бата мен ақ тілек

Бүгін елді мекен тұрғындарын жаңа жылмен Мәртөк ауданының әкімі Алмас Салықбаев құттықтап, ауыл қарттарының үйлеріне арнайы барып, қарттарымызға саулық тілеп, еткен еңбектерін, көрген қиыншылықтарын зейнетті, бақытты күндермен алмастыруға тілек білдірді.

Сонымен қатар, Сарыжар ауылының ақсақалдарымен бірге ауылдық спорт кешенін аралады. Кешен жастарды салауатты өмір салтына баулып қана қоймай, уақытты тиімді пайдалануға, табандылық пен төзімділігін шыңдауға мүмкіндік береді. Ақсақалдарымыз ауылда болашақ чемпиондар өсіп шығарына сенемдері мол екенін айтып, ақ баталарын берді.