Ансамбль танца "Салтанат" на сцене Мартук

Ансамбль танца "Салтанат" на сцене Мартук

Мың бұралған биші қыз жігіттерден құралған, еліміздің беделін әлемдік аренада көтеріп жүрген «Салтанат» би ансамблі гастрольдік іс-сапармен Мәртөк ауданына келді. Аудандық Мәдениет үйі сахнасында түрлі ұлттың билерін билеп, өнерпаздар көрермен ықыласына бөленді.

ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі 1955 жылы Алматы қаласында құрылған. Ансамбль репертуарында бүгінде 130-дан астам ұлттық би және әлемдік шығармалардан нөмірлері бар.