
Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жарияланған волонтер жылының ресми жабылуына орай аудандық мәдениет үйінде «Жыл волонтері – 2020» салтанатты іс-шарасы өтті.
Атқарылған жұмыстың басым бағыттарын анықтау және волонтерлік қызметте жастарды қолдау мақсатында өткізіліп жатқан жылдың маңызды іс-шарасында Мәртөк ауданының әкімі Ермек Кенжеханұлының құттықтау сөзінен басталды.
Аудан басшысы күрделі кезеңде ауданға жан-жақты қолдау көрсетіп, көмек көрсеткен волонтерлерге алғысын білдірді.
«Мәртөк ауданының Жалынды жастары, құрметті еріктілер! Президенттің волонтер жылын жариялауы дәл осы қиын кезеңге сәйкес келді. Қиындықтарға қарамастан, үлкен жұмыс атқарғаныңызды атап өткім келеді. Сіздің белсенділігіңіз коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты төтенше жағдай кезінде ерекше болды.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер жылының жабылуында келесі жылы «Қайырымды істер марафонын» өткізуді ұсынды. Бұл марафон жұртшылық арасында еріктілер қозғалысының дамуын арттырады. Жылды қорытындылай келе , волонтерлік – күн сайын өзекті әрі қажетті маңызды ресурс екенін айта кеткен жөн», - деді Ермек Кенжеханұлы.
Сонымен қатар, аудан басшысы жастарды «Қайырымды істер марафонында» белсенділік танытуға шақырды.
Іс-шара барысында аудан әкімі 16 Үздік волонтер мен 7 волонтерлік ұйымға алғыс хаттар, төсбелгілер табыс етті.
Қазіргі уақытта ауданда 19 волонтерлік топ тіркелген, волонтерлер саны 212 адамды құрайды.
Ағымдағы жылы волонтерлер 128 іс-шара өткізді. «Біргеміз» жалпыұлттық бастамасының арқасында еріктілер 2 млн.теңге жинап, 145 мұқтаж отбасыға азық-түлік пен киім таратты.
Сонымен қатар, биыл «Білім» жобасы аясында аудан тұрғындары үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша тегін 3 айлық онлайн оқыту курстары өткізілді. «Таза әлем» бағытында Мәртөк ауданының еріктілері Елек, Қазан өзендерінің жағасында өткізілген 24 эко-акцияның нәтижесінде 7 тоннаға жуық қоқысты сұрыптауға өз үлестерін қосты.
В честь официального закрытия Года волонтера, объявленного в Казахстане по инициативе Главы государства, в районном Доме культуры состоялось торжественное меропритияе «Волонтер года-2020».
Значимое событие уходящего года, проводимое в целях подведения итогов, определения приоритетных направлений проделанной работы и поддержки молодежи в волонтерской деятельности началось с поздравительных слов акима Мартукского района Ермека Кенжеханулы.
Глава района поблагодарил волонтеров, оказавших всестороннюю поддержку и помощь району в сложный период.
«Уважаемая молодежь Мартукского района, дорогие волонтеры!
Объявление президентом года волонтеров совпало именно со сложным периодом. Несмотря на трудности, хочу отметить, что Вы проделали большую работу. Ваша активность была исключительной во время чрезвычайной ситуации, введенной в связи с распространением коронавирусной инфекции.
Глава государства Касым-Жомарт Токаев на закрытии Года волонтеров предложил в будущем году провести «Марафон добрых дел». Этот марафон повысит развитие волонтерского движения среди общественности. Подводя итоги Года, следует сказать, что волонтерство – это важный ресурс, который становится актуальным и необходимым с каждым днем», - сказал Ермек Кенжеханулы.
Помимо этого, глава района призвал молодежь проявить активность в «Марафоне добрых дел».
В ходе мероприятия аким района вручил благодарственные письма, нагрудные знаки 16 лучшим волонтерам и 7 волонтерским организациям.
В настоящее время в районе зарегистрировано 19 волонтерских групп, количество волонтеров насчитывает 212 человек.
За текущий год волонтерами проведено 128 мероприятий. Благодаря общенациональной инициативе «Біргеміз» волонтеры собрали 2 млн. тенге и раздали продовольствие и одежду 145 нуждающимся семьям.
Кроме того, в этом году в рамках проекта «Білім» для жителей района были проведены бесплатные 3-х месячные онлайн обучающие курсы по казахскому, русскому и английскому языкам. В направлении «Таза әлем» волонтеры Мартукского района внесли свой вклад в сортировку около 7 тонн мусора в результате 24 эко-акций, проведенных на берегах рек Илек, Казан.