Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Тәңірберген ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАР

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының  Тәңірберген

ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАР

 

2022 жылғы 20 ақпанда Мәртөк ауданының Тәңірберген ауылдық округінің әкім сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1093 азамат енгізілді, олардың 626-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 26, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бекжанов М.Т. – 412; Елібаев Ж.Ж. – 10; Мереке Р. – 172.

Бекжанов Медет Темірханұлы, 1989 жылы дүниеге келген, №5 «Балбөбек» балабақшасының менгеруші, ауылдық округінің Саржансай ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясы ұсынған. Тәңірберген ауылдық округінің  әкімі болып сайланды

Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 21 ақпандағы шешімімен 2022 жылғы 20 ақпанда сайланған Мәртөк  ауданының Тәңірберген ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

 

Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
21 февраля 2022
Дата обновления
21 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы