Есеп беру барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша
Мәртөк ауданы әкімінің іс – шаралар жоспарының
ОРЫНДАЛУЫ
14.07.2021 жылғыжағдай бойынша
|
№ |
Іс – шараның атауы |
Орындалуы |
|
МӘРТӨК АУДАНЫ |
||
|
|
Вознесеновка ауылындағы жарықтың кернеуін жоғарылату |
Орындалды «Энергосистема» ЖШС бөлімшесінің мамандары трансформатор кернеуін көтеріп, фазалық сым қосылды. Жаңа трансформатор қою қажет етпейді.
|
|
|
Хазірет ауылындағы мал суаруға арналған бөгетті тереңдету |
Бақылауда Ағымдағы жылдың жаз айларында «Березовка» шаруа қожалығының демеушілігімен аталған бөгет жөнделу жоспарлануда.
|
|
|
Қызылжар ауылының көшелеріне қосымша жарықтандыру |
Бақылауда Көшені қосымша жарықтандыруға жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Қаржыландыру қыркүйек айында жүргізіледі. |
|
|
Қызылжар ауылдық округін жаңа жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз ету |
Бақылауда Жыл соңына дейін Қызылжар ауылдық округі жаңа жедел жәрдем көлігімен жабдықталады. |
|
|
Дмитриевка ауылына ауыз су тазарту құрылғысын орнату |
Орындалды Дмитриевка ауылын сапалы ауыз сумен камтамасыз ету мақсатында Су тазарту блок-модуліорнатылды. Жоба құны - 8 млн. теңге құрады. |
|
|
Аққайың ауылына ұялы байланыс орнату |
Бақылауда Аққайың ауылы «Глобустелеком» ЖШС арқылы интернет қосылды. «Kcell» компаниясы арқылы Аққайың ауылын байланысқа қосу жұмысы 90 % аяқталды. Сигнал тарату құрылғыларын күтіп отыр. |
|
|
Құмсай ауылында жаңа мектеп ашу мәселесі |
Бақылауда Құмсай ауылында жаңа мектеп ашу үшін 2 қабатты ғимарат аудан әкімшілігімен сатып алынды. Қәзіргі таңда, аталмыш ғимаратты қайта жабдықтау үшін аудандық білім бөлімінің балансына алыну жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін аталған мектеп пайдалануға беріледі. |
|
|
Қазан ауылында медециналық пункт салу |
Бақылауда «АктобеСтройЭкспер» ЖШС-мен шарт жасалып, ағымдағы жылдың мамыр айында Қазан ауылындағы медициналық пунктінің құрылыс жұмыстары басталды. Медициналық пункт осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. |
|
|
Мәртөк ауылының Понамаренко, Жұмысшылар, Бегелдинов көшелерін жөндеу |
Бақылауда Мәртөк ауылының Понамаренко, Жұмысшылар, Бегелдинов көшелерін жөндеу жұмыстарына мердігер анықтау үшін ашық конкурс жарияланды. Алдағы уақыттарда жөндеу жұмыстары басталады. |
|
|
«Луч» ЖШС-нің пайдаланылмай жатқан жерлерін мемлекет меншігіне қайтып алу |
Орындалды «Луч» ЖШС-нің пайдаланылмай жатқан жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.
|
|
|
Родников ауылының Ружанский және Б. Момышұлы көшелерін жөндеу |
Бақылауда Б. Момышұлы және Ружанский көшелеріне асфальт төсеу бойынша ЖСҚ дайындалды, қаржыландыру күтілуде. |
|
|
Родников ауылы мен аудан орталығы арасына қоғамдық көлік ұйымдастыру |
Орындалды Аудан орталығына шағын автобус 01.02.21ж шықты. Алайда, жолаушылардың сұранысының төмен болуына байланысты автобус жүру уақытша тоқтатылды. |
Мәртөк ауданының әкімі А. Салықбаев