Меню

Страницы

Статья

2021-2023 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы

Мәртөк аудандық мәслихатының «Аудандық мәслихаттың «2021-2023 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №434 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасына БАСПА-РЕЛИЗ

 

Шешім жобасы Қазақстан  Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 104, 106 баптарына, Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына  сәйкес әзірленді.

Облыстық мәслихат сессиясының 2021 жылғы ** мамырдағы шешіміне сәйкес келесі жобалар бойынша облыстық бюджеттен трансферттер азайтылды:

- түзету. Мәртөк ауданының Құмсай ауылында жаңа құрылыс салу аумағында электр желілерін салуға -1 000 мың теңге;

- Мәртөк ауданы Родниковка ауылында жаңа құрылыс аумағында электр желілерін салу-1 000 мың теңге;

- Мәртөк ауданы Родниковка ауылында жаңа құрылыс аумағында газ құбырын салу-1 000 мың теңге;

- аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу -1 000 мың теңге;

- «Ауыл-ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға - 10967 мың теңге;

- Казанка ауылының жаңа құрылыс электр желілерін салу - 2200 мың теңге;

- Саржансай ауылындағы жаңа құрылыстың кварталішілік су құбырының құрылысы – 3532 мың теңге;

- Қазан ауылының жаңа құрылысының кварталішілік су құбырының құрылысы – 4668 мың теңге;

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен келесі іс-шараларға трансферттер бөлінді:

  - санаторлық-курорттық емделуге - 7056 мың теңге;

- есту протездеу қызметтеріне - 60 мың теңге;

- қосымша компенсаторлық құралдарға - 195 мың теңге;

- арнаулы қозғалсы құралдарына-717 мың теңге;

- протездік-ортопедиялық құралдарға - 7147 мың теңге.

Үнемделген 332139 мың теңге сомасындағы қаражат, сондай-ақ 280000 мың теңге мөлшеріндегі кіріс жоспарын ұлғайтудан түскен түсімдер сомасы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдеріне сәйкес бөлінді.      

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қорытындысы бойынша   бюджеттің кіріс бөлігі 9 632 073,6 мың теңге , шығыс бөлігі 10 182 891,2 мың теңге көлемінде ұсынылады.

«2021-2023 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешімінің жобасы  www.gov.kz сайтында 2021 жылы ** мамырда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2021 жылғы 4 мамырда орналастырылды. Мәртөк ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2021 жылы ** мамырдағы №    хатымен алынды.

Дата публикации
19 мая 2021
Дата обновления
19 мая 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы