Меню

Страницы

Статья

Egovmobile қосымшасында 7 жаңа қызмет қолжетімді болды

Стационарға емдеуге жатқызуға жолдама, жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама, әскери қызметке қатысты анықтама және т.б. сияқты 7 жаңа қызметті енді смартфоннан алуға болады.

«Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың қолжетімді және ыңғайлы арнасын құру» - біз үшін басым міндет. Бүгінгі күні пайдаланушылар ЭЦҚ шығару және тікелей қосымшада, Мобильді азаматтар базасында тіркелу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, қосымшадағы QR-кодты сканерлеу арқылы eGov.kz порталында авторизациялана алады. ХҚКО-да QR-кодтың көмегімен мемлекеттік бажды төлей алады. Бұдан басқа, жақында eGovMobile-де QR-кодты сканерлеу арқылы eGov.kz порталында қызметтерге қол қою функциясы іске қосылады.

ЭЦҚ eGov Mobile мобильді қосымшасының контейнерлік қоймасында сақталатынын, жүктеу және шығару үшін қол жетімді емес екенін атап өткен жөн. Бұл деректердің жойылып кету мүмкіндігін болдырмауға көмектеседі және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, пайдаланушыларға келесі қызметтер қолжетімді:

«Цифрлық құжаттар» - eGov Mobile қосымшасында жеке электрондық құжаттарды сақтау қызметі. PDF форматында жеке құжаттың электрондық көшірмесін жіберу, үшінші тұлғаға мессенджерлер арқылы немесе «Бөлісу» батырмасын басу арқылы мобильді құрылғыда электрондық поштаны пайдалана отырып жіберу мүмкіндігі бар.  

«Электрондық еңбек биржасы» - жұмыс іздеуге арналған сервис. Мұнда: түйіндеме жасауға, жұмыс берушілерден сұхбаттасуға шақыру алуға, қалаған бос жұмыс орнына жазылу және поштаға хабарлама алуға, тіпті кәсіби бағдарлау бойынша тестілеуден өтуге және ең жақын мамандықтарды анықтауға болады.

«Денсаулық паспорты» Пайдаланушының денсаулық жағдайы туралы құрылымдалған ақпарат, сондай-ақ медициналық ұйымға тіркелу деректері, диспансерлік есеп, стационарлық деректер, зертханалық зерттеулердің нәтижелері және т.б. сақталатын клиникалық құжатты алуға мүмкіндік береді. iOS-те «Денсаулық» бағдарламасына құжатты шығару мүмкіндігі де бар.

Одан басқа, достарыңызбен қосымшаға сілтемемен бөлісу мүмкіндігі бар. Ол үшін басты беттің жоғарғы оң жақ бұрышында «Достарды eGov Mobile-ға шақырыңыз»  белгішесін басу керек.

Қосымша GooglePlay және AppStore-да жүктеу үшін қол жетімді.

Дата публикации
31 марта 2021
Дата обновления
31 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы