Меню

Страницы

Статья

Мәртөк ауылдық округінің жергілікті тұрғындары (қоғамдастық) жиналысының хаттамасы

Мәртөк ауылдық округінің жергілікті тұрғындары (қоғамдастық) жиналысының

ХАТТАМАСЫ

№6

21 желтоқсан 2020 жыл

КҮН ТӘРТІБІ

Мәртөк ауылының атаусыз тұйық көшеге жаңадан атау беру туралы.

ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:

Айтмагамбетов Аслан Мусабаевич – Мәртөк ауылдық округінің әкімі.

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Мәртөк ауылдық округінің әкімі – А.Айтмагамбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Қ.Шудабаев, «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы – Қ.Сүйенгалиева, облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі – И.Цыба, жергілікті қоғамдастық мүшелері – М.Жумагалиев, С.Турлыгулова, В.Иваницкий, Мәртөк ауылының тұрғындары (13 адам).

ТЫҢДАЛДЫ:

Мәртөк ауылының атаусыз тұйық көше:

Атаусыз тұйық көше – Ақсу

Осы атаумен атау беру туралы ұсынысы.

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

А.Айтмагамбетов: Мәртөк ауылдық округінің әкімі: Мәртөк ауылының атаусыз тұйық көшеге жаңадан атау беру туралы жиналысы ашық деп жариялаймын. Мәртөк ауылындағы атаусыз тұйық көшеге жаңадан атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері ұсыныс жасап отыр. Осы күн тіртібіндегі мәселені талқылап дауысқа салайық.

Қ.Сүйенгалиева: бүгінде көше атауы жоқ аудан жаңа құрылыстардан тұрады, шағын көшелер, тұйық көше 15 үйден аспайды, сондықтан өзендер, көлдер, таулар, тарихи ескерткіштер және т. б. құрметіне атаулар беруді ұсынамын, яғни белгілі тұлғалардың есімдерін қозғамай, мысалы, жаңа тұйық көшені "Ақсу" деп атау керек.

И.Цыба: мен жиналған қауымның пікірін толық қолдаймын, «Ақсу» Алматы облысындағы елді мекен және өзен атауы.

С.Турлыгулова: барлығы өз пікірлерін білдіргендіктен, дауыс беруді ұсынамын.

         Мәртөк ауылының тұйық көшеге жаңадан атау беру туралы сұрағы бойынша санау үшін дауысқа салынды.

(Дауыс беруге қатысушылардың қол көтеруімен ұсыныстары анықталды)

«Жақтады» - 13

«Қарсы» - 0

«Қалыс қалған» - 0

         Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Мәртөк ауылының атаусыз тұйық көшеге жаңадан атау беру мақұлданды.

         Жиналыс қорытындысы бойынша жиынға қатысушылардың басым бөлігі ШЕШІМ ЕТТІ:

Мәртөк ауылының атаусыз тұйық көшесін

Тұйық көше – Ақсу атауына атау туралы ұсыныс мақұлдансын.

Мәртөк ауылдық округінің әкімі: А.Айтмагамбетов

Аталған мәселе облыстық ономастикалық комиссиясына ұсынылсын.

 

Жиын төрағасы:                                                          А.Айтмагамбетов

Жиын хатшысы:                                                                  А.Утаралина

Дата публикации
23 декабря 2020
Дата обновления
23 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы