Саржансай ауылының жергілікті тұрғындары (қоғамдастық) жиналысының
ХАТТАМАСЫ
№ 10
21 желтоқсан 2020 жыл Жергілікті уақытпен 1000
КҮН ТӘРТІБІ:
Саржансай ауылының жаңадан салынған бөлігіндегі атаусыз көшелерге атау беру туралы.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Бостан Бадиканович Амантурлиев – Тәңірберген ауылдық округінің әкімі
ҚАТЫСУШЫЛАР:
Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы, Саржансай ауылдық жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары.
ТЫҢДАЛДЫ:
Саржансай ауылы бойынша 1 атаусыз көшеге атау беру туралы ұсыныс.
СӨЙЛЕУШІЛЕР:
Б.Амантурлиев – Саржансай ауылының жаңадан салынған бөлігіндегі атаусыз 1 көшеге атау беру туралы ауыл тұрғындарынан, жергілікті қоғамдастық мүшелерінен ұсыныстар келіп түсті. Осы күн тәртібіндегі мәселені талқылап дауысқа салайық, ұсыныстарыңыз болса ортаға салайық.
А.Абикенова- бұл көшеде балаларымыз тарихты біліп, әрдайым есте сақтауы үшін «Есет Көкіұлы» бабамыздың құрметіне атауды ұсынамын.
Р.Ильясова – Көшеге атау беру туралы берілген ұсыныстарды қолдаймын. Енді осы ұсыныстарды дауысқа салу қажет деп санаймын.
Саржансай ауылының жаңадан салынған бөлігіндегі атаусыз 1 көшеге атау беру туралы сұрақ бойынша санау үшін дауысқа салынды (дауыс беруге қатысушылардың қол көтеруі арқылы ұсыныстары анықталды).
«Жақтады»- 10
«Қарсы»- 0
«Қалыс қалғандар»-0
Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беруі қорытындысы арқылы Саржансай ауылының жаңадан салынған бөлігіндегі атаусыз 1 көшеге атау беру туралы ұсыныстары мақұлданды.
Жиналыс қорытындысы бойынша жиынға қатысушылардың басым бөлігі ШЕШІМ ЕТТІ:
Саржансай ауылының жаңадан салынған бөлігіндегі атаусыз 1 көшеге төмендегідей атау беру туралы ұсыныстары мақұлдансын:
Аталған мәселе облыстық онамастикалық комиссияға ұсынылсын.
Жиын төрағасы: Б.Амантурлиев
Жиын хатшысы: Р.Ильясова