Меню

Страницы

Статья

Құрмансай ауылының жергілікті тұрғындары (қоғамдастық) жиналысының хаттамасы

Құрмансай ауылының жергілікті тұрғындары (қоғамдастық) жиналысының

ХАТТАМАСЫ

№ 11

21 желтоқсан 2020 жыл                      Жергілікті уақытпен 1100

КҮН ТӘРТІБІ:

         Құрмансай ауылының көшесіне атау беру туралы.

         ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:

Нұрпейс Ерғазыұлы Беккалиев  – Құрмансай ауылдық округінің әкімі

         ҚАТЫСУШЫЛАР:

         Мәртөк аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы, Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, Құрмансай ауылдық жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары.

         ТЫҢДАЛДЫ:

         Құрмансай ауылы бойынша 1 көшеге қайта атау беру туралы ұсыныс.

         СӨЙЛЕУШІЛЕР:

         Н.Беккалиев– Құрмансай ауылының 1 көшесіне қайта атау беру туралы ауыл тұрғындарынан, жергілікті қоғамдастық мүшелерінен ұсыныстар келіп түсті. Осы күн тәртібіндегі мәселені талқылап дауысқа салайық, ұсыныстарыңыз болса ортаға салайық.

          Г.Ахметова - Менің ұсынысым Өлке атауын беру.

         Н.Казбаев- барлығы өз пікірлерін білдіргендіктен, дауыс беруді ұсынамын.

         Құрмансай ауылындағы 1 көшеге қайта атау беру туралы сұрақ бойынша санау үшін дауысқа салынды(дауыс беруге қатысушылардың қол көтеруі арқылы ұсыныстары анықталды).

«Жақтады» - 18

«Қарсы»- 0

«Қалыс қалғандар»-0

           Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беруі қорытындысы арқылы Құрмансай ауылының 1 көшесіне қайта атау беру туралы ұсыныстары мақұлданды.

Жиналыс қорытындысы бойынша жиынға қатысушылардың басым бөлігі ШЕШІМ ЕТТІ:

         Құрмансай ауылының 1 көшесіне төмендегідей қайта атау беру туралы ұсыныстары мақұлдансын:

  1. Өлке

 

         Аталған мәселе облыстық онамастикалық комиссияға ұсынылсын.

 

Жиын төрағасы:                                              Н.Беккалиев

 

         Жиынхатшысы:                                                   А.Мурзатаева

Дата публикации
23 декабря 2020
Дата обновления
23 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы