Құрмансай ауылының жергілікті тұрғындары (қоғамдастық) жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Құрмансай ауылы 25 ақпан 2021 жыл
Сағат: 10:00
КҮН ТӘРТІБІ:
Құрмансай ауылының көшесіне атау беру туралы.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Нұрпейс Ерғазыұлы Беккалиев – Құрмансай ауылдық округінің әкімі
ҚАТЫСУШЫЛАР:
Құрмансай ауылдық жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары.
ТЫҢДАЛДЫ:
Құрмансай ауылы бойынша 1 көшеге қайта атау беру туралы ұсыныс.
СӨЙЛЕУШІЛЕР:
Н.Беккалиев– Құрмансай ауылының 1 көшесіне қайта атау беру туралы ауыл тұрғындарынан, жергілікті қоғамдастық мүшелерінен ұсыныстар келіп түсті. Осы күн тәртібіндегі мәселені талқылап дауысқа салайық, ұсыныстарыңыз болса ортаға салайық.
Б.Уразалин–Құрмансай ауылының Декабристер көшесіне-Қарасу атауын берейік.
Н.Казбаев- барлығы өз пікірлерін білдіргендіктен, дауыс беруді ұсынамын.
Құрмансай ауылындағы 1 көшеге қайта атау беру туралы сұрақ бойынша санау үшін дауысқа салынды(дауыс беруге қатысушылардың қол көтеруі арқылы ұсыныстары анықталды).
«Жақтады» - 26
«Қарсы»- 0
«Қалыс қалғандар»-0
Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беруі қорытындысы арқылы Құрмансай ауылының 1 көшесіне қайта атау беру туралы ұсыныстары мақұлданды.
Жиналыс қорытындысы бойынша жиынға қатысушылардың басым бөлігі ШЕШІМ ЕТТІ:
Құрмансай ауылының 1 көшесіне төмендегідей қайта атау беру туралы ұсыныстары мақұлдансын:
Аталған мәселе облыстық онамастикалық комиссияға ұсынылсын.
Жиын төрағасы: Н.Беккалиев
Жиынхатшысы: А.Мурзатаева
Сарыжар ауылының жергілікті тұрғындары (қоғамдастық) жиналысының
ХАТТАМАСЫ
№ 5
25 ақпан 2021 жыл Жергілікті уақытпен 1000
КҮН ТӘРТІБІ:
1.Сарыжар ауылының көшелерін қайта атау беру туралы.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Әділбек Жаналыұлы Тәжібай – Сарыжар ауылдық округінің әкімі
ҚАТЫСУШЫЛАР:
Сарыжар ауылдық жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары- 35 адам.
Жиналысты ауыл әкімі Ә.Тәжібай ашты: Құрметті ауылдастар, «Әкімшілік –аумақтық бірліктерге, елдімекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, ауыл тұрғындарымен Сарыжар ауылының 6 көшесіне қайта атау беру туралы көпшілік тыңдауға жиналып отырмыз.
28 қаңтарда әлеуметтік желіде көпшілік тыңдау өтетініні туралы хабарландыру берілді. Күн тәртібінде Сарыжар көшесінің алты көшесін қайта атау мәселесі қаралады: Тренин, Степная, Ойын алаңы, Комсомол, Теміржол, Северная.
СӨЙЛЕУШІЛЕР:
Г.С.Жумашев, ауыл тұрғыны: Біз ауыл тұрғындары болып Степная көшесіне сол көшенің тұрғыны, ардагер Измагамбетов Қабдолланың есімін беру туралы ұсыныс бердік. Тренин және Теміржол көшесі өз атауымен қала берсін. Тренин аудандық партия комитетінің 1 хатшысы болған, еңбегі сіңген адам.
1965 жылдан бастап совхозды басқарған, осы ауылдың дамуына көп үлес қосқан, 1984 жылы ауылды газдандырған Н.Г.Беликтің есімін беруге болады.
Соынмен қатар ауылымыздың құрметті азаматы, талай ұл мен қызды тәрбиелеп өсірген Жайлыбаев Амандық ақсақалдың есімін беруге болады.
А.К.Куржембаев, Қазақ-орыс халықаралық университ оқытушысы: Мен ұзақ жылдар бойы Ресейде жұмыс жасадым. Маған осы ауылдың адамдары өтініш білдіріп, осы жиналысқа келіп отырмын. Осы өлкенің тумасы Субханкулова Мүгілсін деген апаймыз болған. Оны адамдар Маша, Мариям атап кеткен. Көпке үлгі болған, ерлігімен, еңбегімен көзге түскен жан. Мен Сарыжар ауылының бір көшесін Субханкулова Мариямның есімімен атауды ұсынамын.
Н.Д,Муханов, Сарыжар орта мектебінің директоры: Мен осы ауылға көшіп келгелі 10 жылдан кетті. Жас буын өкіл ретінде мен ауыл көшелеріне атақты тұлғалардың есімдерін беруді ұсынар едім. Талгат Бигелдинов, Тұрар Рысқұлов, Дінмұхаммед Қонаев, Жұмабек Тәшенев, Мұстафа Шоқай, Махамбет Өтесімұлы сияқты тарихи тұлғалардың есімін балаларымыз жаттап өсер еді. Еткен еңбегін, төккен тері туралы тарихқа қанып өсер еді.
Итесова Тұрсын, зейнеткер: Осы ауылда көп жылдар бойы бала оқытып, еңбек еткен Жұмашев Хамза деген кісі болған. Осы жерде отырған жергілікті ауыл тұрғындарының көбі сол адамның алдынан өткен.
Ниязова А.К., ауыл тұрғыны: Мен Комсомол көшесіне өмір бақи сол көшеде тұрған, совхоз кезінде адам еңбегімен көзге түскен ардагер Серікбай Барақовтың есімі берілсін деген ұсыныс айтамын.
Измагамбетов Э.К., ауыл тұрғыны: Мен ауыл көшелеріне ұлы тұлғалардың есімдерін беруге қарсы емеспін. Бірақ ол адамдардың атымен Қазақстанның түрлі көшелері аталып жатыр, әр облыста сол адамдардың есімдері аталған көше, қала, ауыл бар. Менің ұсынысым осы ауылда туып-өскен, осы ауылдың гүлденуіне үлес қосқан жандардың есімін берсе екен.
Тайтенов А.А., зейнеткер, ауыл тұрғыны: Дінмұхаммед Қонаев, Жұмабек Тәшенев есімдерімен атауды қолдаймын.
Сарыжар ауылының 6 көшесін қайта атау туралы сұрағы бойынша санау үшін дауысқа салынды.
(Дауыс беруге қатысушылардың қол көтеруімен ұсыныстары анықталды)
«Жақтады» - 35
«Қарсы» - 0
«Қалыс қалған» - 0
Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Сарыжар ауылының 6 көшесі қайта атау беру мақұлданды.
Жиналыс қорытындысы бойынша жиынға қатысушылардың басым бөлігі ШЕШІМ ЕТТІ:
Сарыжар ауылының көшелерін қайта атау үшін тарихи тұлғалардың және Сарыжар ауылының дамуына үлес қосқан тұлғалардың есімдері берілсін.
1.Теміржол көшесі - Талгат Бигелдинов
2.Степная көшесі - Тұрар Рысқұлов
3.Тренин көшесі - Дінмұхаммед Қонаев
4.Комсомол көшесі - Жұмабек Тәшенев
5.Ойын алаңы көшесі - Мұстафа Шоқай
6.Северная көшесі - Махамбет Өтемісұлы
Аталған мәселе облыстық онамастикалық комиссияға ұсынылсын.
Жиын төрағасы Ә.Тәжібай
Жиын хатшысы С.Жолмағанбетова
Аққұдық ауылдық округінің жергілікті тұрғындары (қоғамдастық) жиналысының
ХАТТАМАСЫ
№6
25 ақпан 2021 жыл
КҮН ТӘРТІБІ
Вознесеновка ауылының атаусыз тұйық көшеге жаңадан атау беру туралы.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Абилов Равиль Сандыбаевич – Аққұдық ауылдық округінің әкімі.
ҚАТЫСУШЫЛАР:
Аққұдық ауылдық округінің әкімі – Р.Абилов, ауылдық қоғамдастық төрайымы – Н.Чипегина, аудан әкімінің қоғамдық көмекшісі – В.Мельник, жергілікті қоғамдастық мүшелері – Ж.Есмағамбетов, Т.Кудлай, С. Дейнега, С.Сариева, Вознесеновка ауылының тұрғындары (13 адам).
ТЫҢДАЛДЫ:
Вознесеновка ауылының 2 көшесін қайта атау туралы:
Шахтинская көшесі – К.Тоқаев
Украинская көшесі – А. Жұбанов
Осы атаумен атау беру туралы ұсынысы.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Р.С. Абилов: Аққұдық ауылдық округінің әкімі: Вознесеновка ауылының Шахтинская және Украинская көшелеріне қайта атау беру туралы жиналысы ашық деп жариялаймын. Вознесеновка ауылындағы 2 көшесіне қайта атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері ұсыныс жасап отыр. Осы күн тәртібіндегі мәселені талқылап дауысқа салайық.
А.А.Лобода: Бүгінде Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғанына міне 30 жыл. Осы 30 жылда бізге (орыс тілде сойлейтіндерге) түсіністікпен қарап, мемлекеттік тілмен бірге орыс тілі ресми тіл болып келе жатыр. Үкімет тарапынан көптеген жеңілдіктер болып жатыр. Уақыттын талабына сай бұл көшелердің атауы өзгерту керек, сондықтан Қазақстанда белгілі тұлғалар көп солардың құрметіне көшелерге атау беру керек деп ойлаймын.
В. Козаченко: А. Жұбанов- Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, Қазақстанның халық әртісі, академик, қазақ еліне сіңірген еңбегі көп. Ал Кемел Тоқаев Жазушы. Детектив жанрының көшбасшысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Мен жиналған қауымның пікірін толық қолдаймын.
Вознесеновка ауылының Украинская көшесіне – А.Жұбанов, Шахтинская көшесіне – К.Тоқаев қайта атау беру туралы сұрағы бойынша санау үшін дауысқа салынды.
(Дауыс беруге қатысушылардың қол көтеруімен ұсыныстары анықталды)
«Жақтады» - 16
«Қарсы» - 0
«Қалыс қалған» - 0
Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Вознесеновка ауылының Украинская көшесіне – А.Жұбанов, Шахтинская көшесіне – К.Тоқаев қайта атау беру мақұлданды.
Жиналыс қорытындысы бойынша жиынға қатысушылардың басым бөлігі ШЕШІМ ЕТТІ:
Вознесеновка ауылының 2 көшесіне қайта атау берілсін:
Шахтинская көшесі – К.Тоқаев, Украинская көшесі – А.Жұбанов қайта атау туралы ұсыныс мақұлдансын.
Аққұдық ауылдық округінің әкімі: Р.С.Абилов
Аталған мәселе облыстық ономастикалық комиссиясына ұсынылсын.
Жиын төрағасы: Р.С.Абилов
Жиын хатшысы: Г.Казтуганова
Байнассай ауылының жергілікті тұрғындары (қоғамдастық) жиналысының
ХАТТАМАСЫ
№ 1
25 ақпан 2021 жыл Жергілікті уақытпен 1000
КҮН ТӘРТІБІ:
Байнассай ауылының 1 көшесіне қайта атау беру туралы.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Мирболат Фархадұлы Мынжасаров – Байнассай ауылдық округінің әкімі
ҚАТЫСУШЫЛАР:
Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, Байнассай ауылдық жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары.
ТЫҢДАЛДЫ:
Байнассай ауылы бойынша 1 көшеге, Ф.Э.Дзержинский көшесіне қайта атау беру туралы ұсыныс.
СӨЙЛЕУШІЛЕР:
М.Мынжасаров– Байнассай ауылының 1 көшесіне қайта атау беру туралы ауыл тұрғындарынан, жергілікті қоғамдастық мүшелерінен ұсыныстар келіп түсті. Осы күн тәртібіндегі мәселені талқылап дауысқа салайық, ұсыныстарыңыз болса ортаға салайық.
Н.Клушев - Менің ұсынысым Мұқағали Мақатаев атауын беру.
К.Искалиев- барлығы өз пікірлерін білдіргендіктен, дауыс беруді ұсынамын.
Байнассай ауылындағы 1 көшеге қайта атау беру туралы сұрақ бойынша санау үшін дауысқа салынды(дауыс беруге қатысушылардың қол көтеруі арқылы ұсыныстары анықталды).
«Жақтады» - 13
«Қарсы»- 0
«Қалыс қалғандар»-0
Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беруі қорытындысы арқылы Байнассай ауылының Ф.Э.Дзержинский көшесіне қайта атау беру туралы ұсыныстары мақұлданды.
Жиналыс қорытындысы бойынша жиынға қатысушылардың басым бөлігі ШЕШІМ ЕТТІ:
Байнассай ауылының 1 көшесіне төмендегідей қайта атау беру туралы ұсыныстары мақұлдансын:
Жиын төрағасы: М.Мынжасаров
Жиын хатшысы: К.Агайдарова
Байторысай ауылдық округінің жергілікті тұрғындары (қоғамдастық)
жиналысының
ХАТТАМАСЫ
№ 2
26 ақпан 2021 жыл Жергілікті уақытпен: 15:00
КҮН ТӘРТІБІ:
Байторысай елді мекенінің көшелерін атауын өзгерту туралы.
ТӨРАҒАЛЫҚ етуші:
Байторысай ауылдық округі әкімінің м.а. Ажниязова Амина Акимгереевна.
ҚАТЫСУШЫЛАР:Мәртөк аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы, Мәртөк аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Байторысай ауылдық округінің жергілікті қоғамдасты мүшелері, ауыл тұрғындары.
ТЫҢДАЛДЫ:Байторысай елді мекенінің көшелер қайта атау туралы ұсыныс.
СӨЙЛЕУШІЛЕР:
Ажниязова А.Ә. – Байторысай елді мекенінің 2 көшесін қайта атауға байланысты ауыл тұрғындардан, жергілікті қоғамдастық мүшелерінен ұсыныстар келіп түсті. Осы күн тәртібіндегі мәселені талқылап дауысқа салайық, ұсыныстарыңызды ортаға салыңыз.
М.Ж.Ақдаулетов – Байторысай ауылындағы көшелерге Тын көшесіне – Наурызбай көшесі, ал Набережная көшесіне - Саржайлау көшесі атауын берейік.
Байторысай аулындағы екі көшеге атау беру туралы сұрақ бойынша санау үшін дауысқа салынды.
«Жақтағандар» - 20 адам
«Қарсы» - 0
«Қалыс қалғандар» - 0
Қатысып отырған азаматтардың қорытындысы арқылы Байторысай елді мекенінің екі көшесіне қайта атау беру туралы ұсыныстары мақұлданды.
Жиналыс қортындысыбойынша жиынға қатысушылар
ШЕШІМ ЕТТІ:
Байторысай ауылының 2 көшесіне төмендегідей атаулар берілсін
Аталған мәселе облыстық ономастикалық комиссияға ұсынылсын
Жиын төрағасы: А.А.Ажниязова
Хатшысы: А.Б.Князьбаева
Байторысай ауылдық округінің жергілікті тұрғындары (қоғамдастық)
жиналысының
ХАТТАМАСЫ
№ 1
26 ақпан 2021 жыл Жергілікті уақытпен: 11:00
КҮН ТӘРТІБІ:
Покровка елді мекенінің көшесін атауын өзгерту туралы.
ТӨРАҒАЛЫҚ етуші:
Байторысай ауылдық округі әкімінің м.а. Ажниязова Амина Акимгереевна.
ҚАТЫСУШЫЛАР:Мәртөк аудандық жастар ресурстық орталығының басшыысы, Мәртөк аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Байтысай ауылдық округінің жергілікті қоғамдасты мүшелері, ауыл тұрғындары.
ТЫҢДАЛДЫ:Покровка елді мекенінің көшесін қайта атау туралы ұсыныс.
СӨЙЛЕУШІЛЕР:
Ажниязова А.Ә. – Поровка елді мекенінің 1 көшесінің атауын өзгертуіне байланысты ауыл тұрғындардан, жергілікті қоғамдастық мүшелерінен ұсыныстар келіп түсті. Осы күн тәртібіндегі мәселені талқылап дауысқа салайық, ұсыныстарыңызды ортаға салыңыз.
Е.У.Ниязов – Покровка аулындағы Д.Кузьменко көшесіне –Жамбыл Жабаев атауын берейік, өйткені Қазақстан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, қазағымыздың ұлы ақынының 175 жылдық мерейтойымен сәйкес келіп тұр.Бұл ұсыныс өте орынды деп ойлаймын.
«Жақтағандар» - 20 адам
«Қарсы» - 0
«Қалыс қалғандар» - 0
Қатысып отырған азаматтардың қорытындысы арқылы Покровка елді мекенінің көшесіне қайта атау беру туралы ұсыныстары мақұлданды.
Жиналыс қортындысыбойынша жиынға қатысушылар
ШЕШІМ ЕТТІ:
Покровка ауылының 1 көшесіне төмендегідей атаулар берілсін
Жиын төрағасы: А.А.Ажниязова
Хатшысы: А.Б.Князьбаева
Жайсаң ауылдық округінің жергілікті тұрғындары (қоғамдастық) жиынының
ХАТТАМАСЫ
№3
01наурыз 2021 жыл Жанатаң ауылы
КҮН ТӘРТІБІ
Жанатаң ауылындағы Шаруа көшесіне қайта атау беру туралы
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:Жайсаң ауылдық округінің әкімі – Б.Б.Коптлеуов
ҚАТЫСУШЫЛАР:Жанатан ауылының тұрғындары (12 адам).
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Б.Коптлеуов -Жайсаң ауылдық округінің әкімі: Жанатаң ауылындағы Шаруа көшесіне жаңадан атау беру туралы жиналысы ашық деп жариялаймын. Жанатаң ауылындағы Шаруа көшесіне жаңадан атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері ұсыныс жасап отыр. Осы күн тәртібіндегі мәселені талқылап дауысқа салайық.
Дарханбаев Иманбай: Шаруа көшесін - Жерұйық деп атауға ұсыныс айтамын. Жерұйық - жайлы қоныс, бейбіт мекен. Жерұйық - қазақ ауыз әдебиетінде Асанқайғы атына байланысты аңызда айтылатын жер аты. Онда Асанқайғы аңдыған жауы жоқ, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» халыққа тыныш, бейбіт мекен іздейді.
Айгужин Қылышбай: мен сіздің пікіріңізбен келісемін.
Жанатан ауылындағы Шаруа көшесіне қайта атау беру туралы сұрағы бойынша санау үшін дауысқа салынды.
(Дауыс беруге қатысушылардың қол көтеруімен ұсыныстары анықталды)
«Жақтады» - 12
«Қарсы» - 0
«Қалыс қалған» - 0
Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Жанатан ауылындағы Шаруа көшесіне жаңадан атау беру мақұлданды.
Жиын қорытындысы бойынша жиынға қатысушылардың басым бөлігі ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Шаруа көшесі – Жерұйық атауы туралы ұсыныс мақұлдансын.
2.Аталған мәселе облыстық ономастикалық комиссиясына ұсынылсын.
Жиын төрағасы: Б.Коптлеуов
Жиын хатшысы: Р.Мустафина
Жайсаң ауылдық округінің жергілікті тұрғындары (қоғамдастық) жиынының
ХАТТАМАСЫ
№2
01 наурыз 2021 жыл Көкпекті ауылы
КҮН ТӘРТІБІ
Көкпекті ауылындағы Орталық, Школьная, Казахская көшелеріне қайта атау беру туралы
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:Жайсаң ауылдық округінің әкімі – Б.Б.Коптлеуов
ҚАТЫСУШЫЛАР:Көкпекті ауылының тұрғындары (14 адам).
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Б.Коптлеуов -Жайсаң ауылдық округінің әкімі: Көкпекті ауылының Орталық, Школьная, Казахская көшелеріне жаңадан атау беру туралы жиналысы ашық деп жариялаймын. Көкпекті ауылының Орталық, Школьная, Казахская көшелеріне жаңадан атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері ұсыныс жасап отыр. Осы күн тәртібіндегі мәселені талқылап дауысқа салайық.
Ескабилова Малика:Орталық көшесін – бәрімізге белгілі Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беруге ұсыныс беремін. Рақымжан Қошқарбаев – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы.
Кужиров Амангелды:Казахская көшесін - Мәншүк Мәметованың, батыр қыздың есімін беруге ұсыныс жасаймын. Ол- Кеңес Одағының Батыры, Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Школьная көшесін - Жайық деп атауға болады. Жайық өзенінің жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан Елек өзені құяды және сол Елек өзені біздің ауыл арқылы өтеді, соған байланыстырып Жайық деп өзгертуге ұсыныс беремін.
Дүйсенбаев Мухтар:барлығыңыздың пікірлеріңізбен келісемін.
Көкпекті ауылындағы Орталық, Школьная, Казахская көшелеріне қайта атау беру туралы сұрағы бойынша санау үшін дауысқа салынды.
(Дауыс беруге қатысушылардың қол көтеруімен ұсыныстары анықталды)
Орталық көшесін – Рақымжан Қошқарбаев деп атауға:
«Жақтады» - 14
«Қарсы» - 0
«Қалыс қалған» - 0
Казахская көшесін– Мәншүк Мәметова деп атауға:
«Жақтады» - 14
«Қарсы» - 0
«Қалыс қалған» - 0
Школьная көшесі – Жайық деп атауға:
«Жақтады» - 14
«Қарсы» - 0
«Қалыс қалған» - 0
Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Көкпекті ауылындағы Орталық, Школьная, Казахская көшелеріне жаңадан атау беру мақұлданды.
Жиын қорытындысы бойынша жиынға қатысушылардың басым бөлігі ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Орталық көшесі – Рақымжан Қошқарбаев, Казахская көшесі– Мәншүк Мәметова, Школьная көшесі - Жайық атаулары туралы ұсыныс мақұлдансын.
2.Аталған мәселе облыстық ономастикалық комиссиясына ұсынылсын.
Жиын төрағасы: Б.Коптлеуов
Жиын хатшысы: Р.Мустафина
Қаратоғай ауылдық округінің жергілікті тұрғындары (қоғамдастық) жиналысының
ХАТТАМАСЫ
№ 1
Қаратоғай ауылы 25 ақпан 2021 жыл
КҮН ТӘРТІБІ
Қаратоғай ауылының «Элеватор » «Вокзал» көшелеріне атау беру туралы.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Байсагизов Руслан Серикбаевич – Қаратоғай ауылдық округінің әкімі.
ҚАТЫСУШЫЛАР:
Қаратоғай ауылдық округінің әкімі – Р.Байсагизов, жергілікті қоғамдастық мүшілері- қаратоғай ауылының тұрғындары (20 адам).
ТЫҢДАЛДЫ:
Қаратоғай ауылының атаулы көшеларі:
Вокзал көшесі – Мұғалжар
Элеватор көшесі - Байқоңыр
Осы атаумен атау беру туралы ұсынысы.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Р.Байсагизов:Қаратоғай ауылының әкімі: Қаратоғай ауылының «Элеватор» және «Вокзал» көшелерінің атауларын өзгерту бойынша жиналысы ашық деп жариялаймын. Қаратоғай ауылының «Элеватор» және «Вокзал» көшелерінің атауын өзгерту туралы жергілікті қоғамдастық мүшілері ұсыныс жасап отыр. Осы күн тәртібіндегі мәселені талқылап дауысқа салайық.
М.Айтпамбетов:Мен «Элеватор» көшесін қазақтандыруды ұсынамын, яғни белгілі тұлғалардың есімдерін қозғамай, мысалы, «Элеватор» көшесін "Байқоңыр" деп атау керек және де «Вокзал» көшесін «Мұғалжар» деп атау керек.
Н.Мусалимова:Мен жиналған қауымның пікірін толық қолдаймын, «Байқоңыр» Қызылорда облысы Қармақшы аумағындағы орналасқа ғарыш алаңының атауы. «Мұғалжар» Ақтөбе облысынан Солтүстіктен Оңтүстікке дейін орналасқан тауымыз бар.
Е.Абдуллаев:барлығы өз пікірлерін білдіргендіктен, дауыс беруді ұсынамын.
Қаратоғай ауылдық округінің «Вокзал» және «Элеватор» көшелеріне атау беру туралы сұрағы бойынша санау үшін дауысқа салынды.
(Дауыс беруге қатысушылардың қол көтеруімен ұсыныстары анықталды)
«Жақтады» - 20
«Қарсы» - 0
«Қалыс қалған» - 0
Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Қаратоғай ауылдық оругінің «Элеватор», «Вокзал» көшелерін өзгерту қорытындысы бойынша мақұлданды.
Жиналыс қорытындысы бойынша жиынға қатысушылардың басым бөлігі ШЕШІМ ЕТТІ:
Қаратоғай ауылдық округінің «Вокзал » «Элеватор» көшелерін жаңа атаулары:
Элеватор – Байқоңыр атауына атау
Вокзал- Мұғалжар атауымен атау туралы ұсыныс мақұлдансын.
Қаратоғай ауылдық округінің әкімі: Р.Байсагизов
Аталған мәселе облыстық ономастикалық комиссиясына ұсынылсын.
Жиын төрағасы: Р.Байсагизов
Жиын хатшысы: М.Айтпамбетов
Родников ауылының жергілікті тұрғындары (қоғамдастық) жиналысының
ХАТТАМАСЫ
№ 1
25 ақпан 2021 жыл Жергілікті уақытпен 1000
КҮН ТӘРТІБІ:
Родников ауылының 2 көшесіне қайта атау және 10 көшесіне атау беру туралы.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Ерлан Берикович Тукибаев – Родников ауылдық округінің әкімі
ҚАТЫСУШЫЛАР:
Родников ауылдық жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары.
ТЫҢДАЛДЫ:
Родников ауылы бойынша 2 көшеге қайта және 10 көшелерге жаңа атау беру туралы ұсыныс.
СӨЙЛЕУШІЛЕР:
Е.Тукибаев– Родников ауылының 2 көшесіне қайта атау және 10 көшелерге жаңадан атау беру туралы ауыл тұрғындарынан, жергілікті қоғамдастық мүшелерінен ұсыныстар келіп түсті. Осы күн тәртібіндегі мәселені талқылап дауысқа салайық, ұсыныстарыңыз болса ортаға салайық.
А.Наурузов- Менің ұсынысым ауылдағы жаңа көшелерге тарихи тұлғалардың есімдері берілсін мысалға: Жалаңтөс батыр, Әйтеке би, Мөңке би және Құрманғазы атауларын беру.
С.Құмаров - Менің ұсынысым ауылдағы жаңа көшелерге қазақтың атақты жазушылардың, композиторлардың есімдері берілсін мысалға: Мұхтар Әуезов, Қайрат Рысқұлбеков және Шәмші Қалдаяқов атауларын беру.
К.Құттыбалин - Менің ұсынысым ауылдағы жаңа көшелерге Нұрлы жол, Алтын Орда және Ұлы Дала атауларын беру.
Е.Тукибаев - Барлығы өз пікірлерін білдіргендіктен, дауыс беруді ұсынамын.
Родников ауылындағы 2 көшеге қайта және 10 жаңа көшелерге атау беру туралы сұрақ бойынша санау үшін дауысқа салынды(дауыс беруге қатысушылардың қол көтеруі арқылы ұсыныстары анықталды).
«Жақтады» - 25
«Қарсы»- 0
«Қалыс қалғандар»-0
Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беруі қорытындысы арқылы Родников ауылының 2 көшесін қайта атау және 10 жаңа көшесіне атау беру туралы ұсыныстары мақұлданды.
Жиналыс қорытындысы бойынша жиынға қатысушылардың басым бөлігі ШЕШІМ ЕТТІ:
Роднкиов ауылының 2 көшесіне төмендегідей қайта атау және 10 жаңа көшелеріне атау беру туралы ұсыныстары мақұлдансын:
Аталған мәселе облыстық онамастикалық комиссияға ұсынылсын.
Жиын төрағасы: Е.Тукибаев
Жиын хатшысы: Ф.Еримбетов