Мәртөк аудандық мәслихатының «Аудандық мәслихаттың «2021-2023 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №434 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасына БАСПА-РЕЛИЗ
Шешім жобасы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 104, 106 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес әзірленді.
Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы ** ақпандағы шешіміне сәйкес, облыстық бюджеттен 54 437 мың теңге трансферттер бөлінді, оның ішінде:
- түзету. Мәртөк ауданы Құмсай ауылындағы жаңа құрылыс аумағында электр желілерінің құрылысына – 1 000 мың теңге;
-Мәртөк ауданы Кенсахара ауылындағы жаңа құрылыс аумағында электр желілерінің құрылысына – 1 000 мың теңге;
-Мәртөк ауданы Родниковка ауылындағы жаңа құрылыс аумағында электр желілерінің құрылысына – 1 000 мың теңге;
-Мәртөк ауданы Родниковка ауылындағы жаңа құрылыс аумағында газ құбырының құрылысына – 1 000 мың теңге;
- аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге – 1 000 мың теңге;
-«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 49 437 мың теңге
Сонымен қатар Бюджеттік Кодекс талаптарына сәйкес, пайдаланылмаған 339,6 мың теңге қаражат жоғары тұрған бюджетке қайтарылып, жыл басында қалыптасқан 550 478 мың теңге бос қалдық қаражаттары бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдеріне сәйкес бөлінді.
Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігі 9 362 265,6 мың теңге , шығыс бөлігі 9 913 083,2 мың теңге көлемінде ұсынылады.
«2021-2023 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешімінің жобасы www.gov.kz сайтында 2021 жылы ** наурызда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2021 жылғы ** ақпанда орналастырылды. Мәртөк ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2021 жылы ** наурыздағы № хатымен алынды.