«2021-2023 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешімнің жобасына БАСПА РЕЛИЗ
Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 797 621 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 787 001 мың теңге;
салықтық емес түсімдер-3 351 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер-7 269 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 0 теңге;
2) шығындар-5 538 621 мың теңге;
Таза бюджеттік кредиттеу-95 511,5 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 153 142,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 57 631 мың теңге;
4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо-0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу-0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 95 511,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 95 511,5 мың теңге.
жеке табыс салығы;
әлеуметтік салық;
мүлікке салынатын салықтар;
жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салық;
бірыңғай жер салығы;
акциздер;
табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер;
кәсіпкерлік және кәсіби қызметті;
мемлекеттік баж;
мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды, өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуды қоспағанда, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
басқа да салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер.
«2021-2023 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешім жобасы 2020 жылғы 26 қарашада E-gov ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылды, Мәртөк ауданының Қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 252 хатпен алынды.