«Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, (030600, Мәртөк селосы, Сейфуллин көшесі 38, 10 каб.) «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекітіп беру» бойынша қайталама конкурс өткізілетіндігі туралы жариялайды.
Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі және нақты мінездеме конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк сай келетін барлық конкурсқа қатысушылар жіберіледі.
Конкурстық құжаттар пакетін 2020 жылдың қараша айының 03-нен 2020 жылдың қараша айының 23-не дейін жергілікті уақыт бойынша сағ 9.00- 18.00 ге дейін келесі мекен-жай бойынша алуға болады: Мәртөк селосы, Сейфуллин көшесі 38, 10 каб.
Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу үшін конкурсқа қатысуға тілек білдірген конкурсқа қатысушы тұлғалар келесідегідей ақпараттарды (конкурсқа қатысушының толық атауы, орналасқан жері, телефоны, конкурсқа қатысушының өкілінің аты-жөні, конкурсқа қатысушының өкіліне сенімхат берілген уақыты және жеке куәлігінің мәліметтері көрсетілу) ұсынуы қажет.
Конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімдер конвертке салынып конкурсқа қатысушылармен «Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, келесі мекен-жай бойынша беріледі: Мәртөк селосы, Сейфуллин көшесі 38, 10 каб.
Конкурстық өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі – 2020 жылдың 23 қарашасы жергілікті уақыт бойынша сағ. 9-00 ден 18-00-ге дейін.
Конкурстық өтінімдері бар конверттер 2020 жылдың 24 қараша жергілікті уақыт 11-00-де келесі мекен-жайда ашылады: Мәртөк селосы, Сейфуллин көшесі 38, 10 каб.
Конкурсқа қатысушылар конвертті ашуда қатысуына болады.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады: 8 (71331) 21-8-44, 8 (7131) 21-6-95.