Мәртөк аудандық мәслихатының «Аудандық мәслихаттың «2020-2022 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №336 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасына БАСПА РЕЛИЗІ
Көрсетілген шешім жобасы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына және 106, 109 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес әзірленді.
Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2020 жылғы * желтоқсандағы шешіміне сәйкес, республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген трансферттер қысқартылды, оның ішінде республикалық бюджет:
еңбек нарығын дамытуға – 10825 мың теңге;
Облыстық бюджет:
мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы демалысын күнтізбелік 42 күн ұзақтығын 56 күнге дейін ұлғайтуға – 5600 мың теңге;
нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға – 435 мың теңге;
көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға – 39 000 мың теңге;
еңбек нарығын дамытуға – 585 мың теңге.
Аудан бюджетінің кіріс бөлігі 9 253 975,2 мың теңге, шығыс бөлігі 9 743 614 мың теңгені құрайды.