Меню

Страницы

Статья

Жастар саясаты

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру атқарылған жұмыстар.
2024 жылдың есебімен алғанда, қазіргі таңда ауданымызда 14 пен 35 жас аралығындағы жастардың саны 8401 жалпы тұрғындардың 28,3% құрап отыр.
Сонымен қатар мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда орталық тарапынан жастарға әлеуметтік, психологиялық, заңгерлік көмек көрсетіледі. Жыл басынан бері орталыққа 630 жас жүгініп, 12- психологиялық, 504 - медициналық-әлеуметтік көмек, 114- заңгерлік көмекке жүгінді.
Жастардың азаматтық бастамаларын рухани-адамгершілік зияткерлік, шығармашылық және күш қуатын дамыту, отансүйгіштікті қалыптастыру, аудан жастарын кәсіпкерлікке тарту, волонтерлік қызметті күшейту, аудандағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылға 171 шара жоспарланып, қазіргі уақытқа дейін жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жалпы өткізілген іс-шаралар саны – 240, қамтылған жастар саны – 6368.
Алдағы айларда жастар мен жасөпірімдер арасында аудан әкімі кубогы «Пікірсайыс турнирі» мен жасөпірімдер арасында Жайдарман ойындары жоспарда тұр.
Сонымен қатар Мәртөк ауыанындағы әр салада білім алып жатқан жасөспірімдер мен кездесу өткізіліп, жастар психологиясы, тәлім тәрбие, рухани құндылықтар, лудомания, нашақорлық, вандализм, құқықбұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттер, тәлім–тәрбие бағытында жұмыс жүргізу және ақпараттық, семинар-тренинг, дөңгелек үстел шаралар кешені уақытылы өткізілуде.
Волонтерлерге тоқтала кетсек, қазіргі таңда аудан бойынша 28 волонтерлық топ, 300 жас игі істерін жүргізіп жатыр.
Олардың 8 аудандық 20 ауылдық округтердің волонтерлік топтар әр топтың құрамында 10-15 мектеп оқушылары, жастар мен топ жетекшілері бар.
Олар, әр бағытта қарттарға көмек, жалғыз басты аналарға, көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған отбасыларға және ауданның көркейіп гүлденуіне өз үлестерін қосып келеді.
Волонтерлык топтар: қайырымдылық шара, акция, рейдтік жұмыстар, ақпарттық жұмыстар бағыттарында жұмыс жасайды.

Дата публикации
17 ноября 2020
Дата обновления
17 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы