Меню

Страницы

Статья

Білім

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі»

          Мәртөк ауданында мектеп жасына дейінгі балаларды оқу мен тәрбие беруді қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жасайтын мектепке дейінгі ұйым саны – 29 (бала саны – 1514, оның ішінде  балабақша - 20, шағын орталық саны – 9).

          Жеке балабақша саны – 12.   

          2 мен 6 жас аралығындағы балаларды қамту -98,6% (қамтылуға тиіс балалар саны-1461, қамтылғаны -1441)

          3-6 жас аралығындағы  балаларды  балабақшамен қамту – 100 % (қамтылғандар саны – 1079 бала).

МДҰ-дың материалдық-техникалық базасы

           Балабақшалардың 5-і (28,6%) бейімделген, 15-і (71,4%) типтік ғимараттарда орналасқан. 20 балабақша толықтай интернет желісіне қосылған.

           Аудан бойынша барлық балабақшалар бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Барлығы 143 бейнекамералар орнатылған (сыртта-28, іште-115).  

           «Электрондық үкімет» порталы арқылы автоматтандырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге толықтай көшірілген МДҰ саны – 29.

ОРТА БІЛІМ БЕРУ

         Аудан бойынша жалпы мектеп саны – 26 (бала саны – 5271,  оның ішінде: бастауыш мектеп – 1(бала саны – 12); негізгі мектеп – 5 (бала саны – 248); орта мектеп – 20 (бала саны – 5011).

         Ауданда 5 мектеп қазақ тілінде, 7 мектеп орыс тілінде, 14 мектеп екі тілде сабақ береді. Бала саны өткен жылмен салыстырғанда +68 оқушыға өсіп тұр.

Педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуі

           Аудан  бойынша 1220 педагог қызмет жасайды, оның ішінде  мектепке дейінгі ұйым – 146, қосымша білім мекемелерінде – 74,  жалпы орта білім беру ұйымдары – 1000. Жалпы білім беретін мектеп педагогтарының 84% жоғары білімді. 

 

Үш ауысымды, апатты мектептерді жою

         Апат алдындағы мектеп саны – 2 (Веренка НМ, Кеңсахара ОМ).  2024 жылы жаңа мектеп құрылысы есебінен жойылады (типтік, 60 орындық- Веренка НМ, 100 орындық Кеңсахара ОМ салынады).

         Жаңа мектеп құрылысы

2024 жылы Сарыжар селосында 300 орындық «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша мектеп салынады.

         Қосымша білім беру ұйымдарының саны - 2, қамтылған бала саны -1710 (32,5%).

         Орта білім беру ұйымдарында 533 (11%) оқушы үйірмеге және          1602 ( 31%) оқушы  спорттық секцияларға қатысады.

Дата публикации
14 ноября 2020
Дата обновления
14 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы