Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық

Бүгінгі таңда Мәртөк ауданының жалпы 32 елді мекенінің 14-і (43,8%) газдандырылды, онда 25 514 адам (86,2%) тұрады. Қазіргі таңда, келесідей нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталуда:

-           «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Хазірет ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу» (мердігер –  «Алихан ойл З» ЖШС, ұзындығы – 47,8 км);

- «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Шевченко, Қызылжар, Бөрте ауылдарын газдандыру» (мердігер –     «Ерзат» ӨК, ұзындығы – 74 км);

-           «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Ақмоласай, Байнассай ауылында тартылатын және кентішілік газ құбырын салу» (мердігер «Ерзат» ӨК, )  ұзындығы – 53,9 км). Сонымен бірге, «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Аққайың ауылында тартылатын және кентішілік газ құбырын салу» (ұзындығы – 18,2 км) Мердігер мекемені анықтау бойынша конкурстық рәсімдер өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.Сонымен қатар, келесідей нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталды:

-           «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Полтавка ауылында тартылатын және кентішілік газ құбырын салу» (ұзындығы – 24,3 км);

-           «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Покровка ауылында тартылатын және кентішілік газ құбырын салу» (ұзындығы – 17,5 км).

Жобаларды іске асыру мақсатында Республикалық бюджеттік комиссияға бюджеттік өтінім берілді. Қаражат бөлінген жағдайда құрылыс-монтаж жұмыстары басталатын болады.

Дата публикации
14 ноября 2020
Дата обновления
14 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы