Мәртөк ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қыркүйектегі № 309 "Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасына
БАСПА-РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31,37 бабына сәйкес, Мәртөк ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қыркүйектегі № 309 "Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 4028, 2014 жылғы 8 қыркүйектегі "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) қаулы жобасы әзірленді.
Мәртөк ауданы әкімдігінің қаулының жобасы e-gov ашық-нормативтік актілер порталында 16 қазанда 2020 жылы орналастырылды. Мәртөк аудандық қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2020 жылғы 30 қазан № 240 хатымен алынды.
Аудандық мемлекеттік құқықтық
ұйымдастыру бөлімінің бас маманы М.Е. Темірболат