Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру атқарылған жұмыстар.


2026 жылдың есебімен алғанда, қазіргі таңда ауданымызда 14 пен 35 жас аралығындағы жастардың саны 8021 жалпытұрғындардың 32,8% құрап отыр.
Сонымен қатар мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда орталық тарапынан жастарға әлеуметтік, психологиялық, заңгерліккөмек көрсетіледі. Жыл басынан бері орталыққа 230 жасжүгініп, - психологиялық, 230 - медициналық-әлеуметтік көмек, - заңгерлік көмекке жүгінді.
Жастардың азаматтық бастамаларын рухани-адамгершілік зияткерлік, шығармашылық және күш қуатын дамыту, отан сүйгіштікті қалыптастыру, аудан жастарын кәсіпкерлікке тарту, волонтерлік қызметті күшейту, аудандағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 2026 жылға 104 шара жоспарланып, қазіргі уақытқа дейін жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жалпы өткізілген іс-шаралар саны – 102, қамтылған жастар саны – 3234.
Алдағы айларда жастар мен жасөпірімдер арасында аудан әкімі кубогы «Пікірсайыстурнирі» мен жасөпірімдер арасында Жайдарман ойындары, NEET санатындағы және жалпы аудан жастарына бағытталған «MÁRTÓQ YOUTH IMPACT» жастарды дамыту жобасы, сондай-ақ Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылатын ауқымды мерекелік іс-шаралар жоспарда тұр.
Сонымен қатар Мәртөк ауыанындағы әр салада білім алып жатқан жасөспірімдер мен кездесу өткізіліп, жастар психологиясы, тәлім тәрбие, рухани құндылықтар, лудомания, нашақорлық, вандализм, құқықбұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттер, тәлім–тәрбие бағытында жұмыс жүргізу және ақпараттық, семинар-тренинг, дөңгелек үстел шаралар кешені уақытылы өткізілуде.
Волонтерлерге тоқтала кетсек, қазіргі таңда аудан бойынша 28 волонтерлық топ, 516 жас игі істерін жүргізіп жатыр.
Олардың 6 аудандық 22 ауылдық округтердің волонтерлік топтар әр топтың құрамында 10-15 мектеп оқушылары, жастар мен топ жетекшілері бар.
Олар, әр бағытта қарттарға көмек, жалғызбасты аналарға, көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған отбасыларға және ауданның көркейіп гүлденуіне өз үлестерін қосып келеді.
Волонтерлык топтар: қайырымдылық шара, акция, рейдтік жұмыстар, ақпартты қжұмыстар бағыттарында жұмыс жасайды.

Дата публикации
03 августа 2026
Дата обновления
03 августа 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы