Ауданда барлығы 45 мәдениет нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 20 кітапхана, 1 аудандық мәдениет үйі, 1 ауылдық мәдениет үйі, 21 ауылдық клуб, 1 музей, 1 архив, сондай-ақ 228 тарих және мәдениет ескерткіші бар.
Аудан кітапханалары 30 компьютермен жабдықталған. Оның ішінде 2 кітапхана республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге (WEB-РАБИС) қосылған, 13 кітапхана интернет желісіне қосылған.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша кітапханалардың кітап қоры 166 512 дананы құрайды, оның ішінде 1 136 жаңа кітап түскен. Оқырмандар саны – 7 500 адам.
Музейлердегі экспонаттар саны 4 806 бірлікті құрайды, оның ішінде 71 жаңа экспонат қор толықтыру ретінде қабылданған.