Меню

Страницы

Статья

2026 жылдың І – тоқсанында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмыстары                 мен жоспарлары туралы  

 

Халықты жұмыспен қамту

 

 

Қазақстан Республикасының 2024–2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша 2026 жылы                    1 834 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспарланған. Есептік кезенде 594 адам қамтылды, бұл жоспардың 32%-ын құрайды.

- Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 25 адамды қамту жоспарланып отыр, оқыту білім беру ұйымдарының тізбесі қалыптастырылғаннан кейін жүргізіледі.

- Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру және бастапқы бизнесті дамыту үшін 400 АЕК (1 730 000 теңге) көлеміндегі өтеусіз грант беру бойынша 15 адам жоспарланған, қаржыландыру күтілуде.

- Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 35 адам жоспарланып 21 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 3 жас бар.

-  Жастар тәжірибесі бойынша 50 адам жоспарланып 4 жас маман жолданды, түлектердің негізгі легі маусым айында күтілуде.

- Қоғамдық жұмыстар бойынша 240 адам жоспарына 174 адам жолданды, оның ішінде 33 жас және 3 мүгедек бар.

-  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 174 адам жоспарына 110 адам оқытудан өтті, оның ішінде 10 жас бар.

- «Күміс жас» жобасы аясында 58 адам жоспарына 29 адам жолданды.

- Мемлекеттік қолдау шараларынсыз жұмысқа орналастыру бойынша 1 100 адам жоспарына 119 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 49 жас және 2 мүгедек бар.

Ағымдағы кезеңде жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын заңдастыру және жасырын жұмыссыздықты азайту мақсатында электрондық еңбек шарттарын жасау қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, бұл D–E санатындағы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

Мүгедектігі бар адамдар үшін 5 ұйымда 6 жұмыс орны квота бойынша белгіленген, 2 адам жұмысқа орналастырылды;

пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін 2 жұмыс орны қарастырылып, 1 адам жұмысқа орналастырылды;

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін 1 жұмыс орны қарастырылған, жұмысқа орналастыру күтілуде.

Бүгінге күнге 1068 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп 388 адам аталған шараларға тартылды. 202 адам жұмыстан босағандығы бойынша жәрдемақы алуда. 57 вакансия.

 

 

 

 

Алдыңғы жылмен салыстырғанда бірнеше көрсеткіштердің орындалу барысы жоғары екенін көруге болады. Алайды осы жылды          2 көрсеткіш алынып тасталды олар: алғашқы жұмыс орны және ұрпақтар келісім шарты.

№

Бағдарлама атаулары

2025 жылғы І тоқсан

2026 жылғы І тоқсан

Жоспар

Орындалуы

 

Жоспар

Орындалуы

 

1

әлеуметтік жұмыс орындары

50

19 (38%)

35

19 (54 %)

 

2

жастар тәжірибесі

110

6 (5%)

50

4 (6 %)

3

ақылы қоғамдық жұмыс

350

271(77 %)

240

142 (59 %)

4

алғашқы жұмыс орны

8

0 (0 %)

0

0

5

ұрпақтар келісімшарты

4

0 (0%)

0

0

6

«Күміс жас» жобасы

82

30 (37%)

58

24 (41 %)

 

7

қысқа мерзімді оқу

25

0 (0 %)

25

 (0 %)

8

гранттар

11

0 (0%)

15

 0(0%)

 

бастау бизнес

435

108 (25%)

174

98 (56%)

 

ЭБТ арқылы онлайн оқыту

135

60 (44%)

137

110 (80%)

8

бос жұмыс орындары

1320

174 (13 %)

1100

105 (10 %)

9

жаңа жұмыс орындары

1119

294 (27 %)

783

130 (17 %)

10

ұлттық жобалар шеңберінде өңірлік жұмыспен қамту картасы

13 жоба    218 жұмыс орындары

0 (0 %)

5 жоба 212 жұмыс орындары

0 (0 %)

 

Әлеуметтік көмек

 

2026 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша 24 отбасына (117 адам) атаулы әлеуметтік көмек 3 562,5 мың теңге көлемінде тағайындалды, ал 2025 жылдың осы кезеңінде 30 отбасы (141 адам) 5,2 млн теңге алды. Өткен жылмен салыстырғанда алушылар саны 20%-ға, адамдар саны 17%-ға азайып, төлем көлемі 31%-ға төмендеді, бұл жекелеген отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсарғанын көрсетеді.

Жергілікті мәслихаттың шешіміне сәйкес 2026 жылы 87 адамға  (30 АЕК, 100 АЕК) көлемінде 5 555,6 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер жүргізілді, ал өткен жылдың есептік кезеңінде 154 адамға 6 665,0 мың теңгеге әртүрлі көмектер көрсетілді. Салыстырмалы түрде алушылар саны 67 адамға (43,5%-ға) және төлемдердің жалпы көлемі 1 109,4 мың теңгеге (16,6%-ға) азайды.

Біржолғы әлеуметтік көмек 26 адамға 4 281,9 мың теңгеге, соның ішінде: қатерлі ісік — 5 адам, туберкулез — 1 адам, АИТВ — 1 адам, пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар - 4 адам, орташа жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 12 отбасы,  өрт салдары бойынша – 3 адам,

- мүгедектігі бар адамдарға жол шығындарын өтеу – 5 адам 205,8 мың теңге,

- үйде оқитын мүгедек балаларға – 14 бала 242,2 мың теңге,

- ауылдық елде мекендерде жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек 42 адамға (5 АЕК) 825,7 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

 

Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау

 

Есептік кезенде ауданда 1072 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады.

16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 140 бала,

1 топ - 101 адам, 2 топ - 406 адам, 3 топ – 425 адам.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға 186 техникалық оңалту құралдары және санаторий-курорттық сауықтыру Портал арқылы көрсетілді, бұл жоспардың 49,8 пайызын құрайды (жоспар — 374 адам). Өткен жылдың есепті кезеңінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға 122 қызмет көрсетілді (жоспар – 332).

Аталған мәселелер бойыншада 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бірнеше көрсеткіштердің орындалу барысы қалыпты жағдайда. Алайда гигиеналық және оңалтудың техникалық құралдары және протезді-ортопедиялық көмектің көбейгенін көруге болады.

Анықтама:

2025 жылғы I - тоқсан

2026 жылғы I  тоқсан

Қызмет немесе оңалту түрі

Жоспар (адам)

Орындалуы (адам)

Орындалуы%

Жоспар (адам)

Орындалуы (адам)

Орындалуы  %

санаторий-курорттық сауықтыру қызметі

160

5

3,1

162

18

11,1

кресло-арбалар

3

1

33,3

4

4

100

протезді-ортопедиялық көмек

28

11

39,2

42

21

50

тифло техникалық жабдықтар

15

4

26,7

15

7

46,7

сурдо техникалық жабдықтар

6

4

66,7

6

4

66,7

жеке көмекшілерінің қызметтері

42

41

97,6

42

41

97,6

ымдау тілі маманының қызметі

8

0

0

8

8

100

гигиеналық және оңалтудың техникалық құралдары

70

56

80,0

95

83

87,4

Барлығы

332

122

36,8

374

186

49,8

 

 

 

Бөлімге қарасты мекемелер бойынша

 

 «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының белсенді өмір сүру орталығы» КММ 9 маман қызмет атқарады.

Есепті кезеңде белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қарт адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға және әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында орталық қызметтерімен    36 зейнеткер қамтылды. Күн сайын орталықта 5 түрлі сабақ өткізіледі: емдік дене шынықтыру (ЛФК), еңбек терапиясы, хореография, психология және эрготерапия.

«Қамқор» отбасын қолдау орталығы  КММ штаты 7 бірліктен тұрады.

2025 жылдың 3 айында FSM Social арқылы 24 сигнал түсті.             9 адамға психологиялық көмек берілді, 2 адам қарттар үйіне орналастырылды, 1 адам жұмысқа орналастырылды, 1 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді, 2 адам дағдарыс орталығына орналастырылды, 1 адамға заңгерлік көмек берілді. Бұл жұмыстар білім бөлімі, аудандық аурухана және полиция бөлімімен бірге атқарылады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Д+Е» санатындағы отбасылар саны 1984 отбасын, ал адам саны 4788 адамды құрады. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бұл көрсеткіш 1989 отбасын, ал адам саны 4598 адамды құрады.

Талдау көрсеткендей, отбасылар саны 5 бірлікке аздап артқанымен, азаматтар саны 190 адамға азайған. Бұл отбасылардағы орташа мүшелер санының қысқарғанын, сондай-ақ жүргізіліп жатқан әлеуметтік жұмыстардың нәтижесінде жекелеген азаматтардың осал санаттан біртіндеп шыққанын көрсетеді. Жалпы алғанда, «Д» және «Е» санаттарындағы азаматтар санының төмендеу үрдісі сақталуда.

Аталған санаттарға қолдау көрсету үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде оның ішінде әлеуметтік қызметтер ұсыну, атаулы көмек көрсету және өмірлік жағдайы тұрақтанғанға дейін әлеуметтік сүйемелдеу жүзеге асырылады.

«Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ 34 қызметкер жұмыс жасайды. Олар 11 ауылдық округ аумағында тұратын 194 жалғызбасты қарт және 1, 2 топ мүгедектігі бар жандарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Дата публикации
03 августа 2026
Дата обновления
03 августа 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы