Меню

Страницы

Статья

2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк ауданының бюджеті

 2026 жылға арналған Мәртөк ауданы бюджетінің жобасы 6 357 798 мың теңгені құрайды, оның ішінде кіріс бөлігі 3 100 948 мың теңге (2025 ж-2 142 213 м.т немесе 144,7%,) субвенциялар  2 257 181 мың теңге (2025 ж-1 548 235 м.т немесе 145,7%), нысаналы трансферттер 999 669 мың теңге. Бюджет жобасы мынадай бағыттар бойынша ұсынылады:

  1. Еңбекақы төлеу қоры – 1 526 652 мың теңге;
  2. Дәрі-дәрмектер сатып алу – 80 мың теңге;
  3. Коммуналдық қызметтер – 52 360 мың теңге;
  4. Байланыс қызметтері – 20 381 мың теңге;
  5. Әлеуметтік төлемдер – 473 738 мың теңге;
  6. Абаттандыру – 235 828 мың теңге;
  7. Материалдық-техникалық жарақтандыру – 66 031 мың теңге;
  8. Даму бюджеті – 162 727 теңге;
  9. Басқалары – 1 599 595 мың теңге.

Еңбекке ақы төлеу қоры бюджеттің жалпы көлемінің 28 % - құрайды, жергілікті атқарушы органдар, ресурстық орталық, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет мекемелерінің жалақысы мен салықтары енгізілген.

Дәрі-дәрмектер - әскери комиссариат бөліміне дәрі-дәрмектерді сатып алу шығындары енгізілді.

Коммуналдық қызметтер -  мемлекеттік органдардың жылыту, газбен жабдықтау, электр энергиясы мен сумен жабдықтау бойынша барлық шығындары.

Байланыс қызметтері – мекемелердің байланыс және интернет қызметі бойынша барлық шығындары енгізілген.

Әлеуметтік төлемдер шығындарына - коммуналдық қызметтер үшін төлемді өтеу бағдарламасының шығындары – 33 545 мың теңге, атаулы әлеуметтік көмек – 46 215 мың теңге, тұрғын үй көмегі – 1 043 мың теңге, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек – 206 804 мың теңге, гигиеналық құралдарды сатып алу – 176 927 мың теңге, үйде оқитын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету – 1 494 мың теңге, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту – 7 500 мың теңге, үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығын қамтамасыз ету – 120 646 мың теңге, қиын жағдайларға тап болған тәуекелдер тобындағы адамдарға қызмет көрсету орталығын қамтамасыз ету – 18 348 мың теңге.

Абаттандыру шығындары - көшелерді жарықтандыру бойынша шығындары – 149 572 мың теңге, абаттандыру және көгалдандыру бойынша – 58 725 мың теңге, санитария – 27 531 мың теңге;

Материалдық-техникалық базаны нығайту – 66 031 мың теңге – төтенше жағдай бойынша материалдық– техникалық базаны нығайтуға –          3 400 мың теңге, мемлекеттік рәміздерді сатып алуға және материалдық – техникалық базаны нығайтуға – 60 631 мың теңге, кітап сатып алуға - 2 000 мың теңге жұмсалады.

Ауылішілік жолдарды орташа жөндеу – ұсынылған бюджет жобасына 543 207 мың теңге сомасына 5 жоба енгізілді, оның ішінде Аққұдық ауылдық округі бойынша Достық ауылы мен Вознесеновка ауылының көшелерін орташа жөндеу- 201 968 мың теңге, Жайсан селосының Садовая көшесін күрделі жөндеу – 155 049 мың теңге, Саржансай және Кенсахара ауылдарының көшелерін жөндеуге – 186 190 мың теңге.

Даму бюджеті 162 727 мың теңгені құрайды – Мәртөк ауылының жаңа құрылыс аумағында электр желілерін салуға – 69 840 мың теңге, Құмсай ауылының жаңа құрылыс аумағында электр желілерін салуға – 92 887 мың теңге.

Басқалары - мемлекеттік органдардың барлық ағымдағы шығыстары (қызметтер, кеңсе тауарлары, қосалқы бөлшектер, іссапар және т.б. шығындары) енгізілген. Төтенше жағдай бағыты бойынша жанар-жағар май, қапшықтар сатып алуға – 6 058 мың теңге, елді мекендерде жергілікті құлақтандыру (локальное оповещение) жүйесіне -1 037,0 мың теңге, қайықтар сатып алуға – 1400 мың теңге.

Аудандық бюджетте аудан әкімінің төтенше резерві – 62 019 мың теңге, жоғары тұрған бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар төлеуге – 1 508 428 мың теңге, оның ішінде бұрын алынған қарыз қаражаттарының сыйақылары - 67 958 мың теңге, 2025 жылы үйлерді сатып алуға алынған қарыздардың сыйақылары – 1 440 470 мың теңге.

 

Ауылдық округтер бюджеттерін қоспағанда, 2026 жылға аудан бюджеті мынадай көлемдерде ұсынылады:

1) кірістер – 5 827 092 мың теңге, оның ішінде:  

салықтық түсімдер – 2 541 381 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 15 003 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –  13 858 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 256 850 мың теңге;

2) шығындар – 5 827 092 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 153 414 мың теңге, оның ішінде: 

бюджеттік кредиттер – 261 662 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 108 248 мың теңге;  

Аудандық бюджеттің кірісіне келесі түсімдер есепке алынады:

корпоративтік табыс салығы;

жеке табыс салығы;

мүлікке салынатын салықтар;

акциздер;

табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер;

кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар;

мемлекеттік баж;

мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;

аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;

басқа да салықтық емес түсімдер;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер.

Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7 бабына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1)  жалақының ең төмен мөлшерi – 85 000 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 4 325 теңге;

3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төменгі күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 50 851 теңгені құрайды.

2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемі 2 257 181 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде республикалық бюджеттен 1 631 563 мың теңге сомасында жалпы сипаттағы трансферттер бөлінді:

  1. Жұмыс берушілердің зейнетақы қорына аударымдарға – 5 935 мың теңге;
  2. Азаматтардың жекелеген топтарының еңбекақыларына – 2 319 мың теңге;
  3. Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақыларына -108 871 мың теңге;
  4. Пәтер сатып алуға қарызды өтеу және қызмет көрсетуге - 1 440 470 мың теңге;
  5. Атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 34 182 мың теңге;
  6. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға- 39 786 мың теңге;

2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер көлемі 999 669 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

1) тұрғындардың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй сатып алуға – 79 852 мың теңге.

         2) коммуналдық меншіктегі газ құбырларын күтіп ұстауға – 20 573 мың теңге;

         3) Кенсахара ауылының су құбыры желілері мен құрылғыларын реконструкциялауға – 300 000 мың теңге;

         4) Хазрет ауылының су құбыры желілері мен құрылғыларын реконструкциялауға – 300 000 мың теңге;

         5) Мәртөк аулында өнер орталығының құрылысын аяқтауға – 287 198 мың теңге;

         6) «Светлана» шаруа қожалығына 10 кВ электр жабдықтау желілерінің құрылысына – 12 046 мың теңге;

          2026 жылға арналған аудандық бюджетте мамандардың әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін  республикалық бюджеттен  кредиттер түсімі 261 662 мың теңге.

Аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі 394 893 мың теңге, оның ішінде:

Аққұдық ауылдық округіне – 30 348 мың теңге;

Байнассай ауылдық округіне – 31 374 мың теңге;

Байторысай ауылдық округіне – 34 326 мың теңге;

Жайсан ауылдық округіне – 40 271 мың теңге;

Қарашай ауылдық округіне – 25 253 мың теңге;

Қаратоғай ауылдық округіне – 42 998 мың теңге;

Құрмансай ауылдық округіне – 29 538 мың теңге;

Қызылжар ауылдық округіне – 34 708 мың теңге;

Мәртөк ауылдық округіне – 1 004 мың теңге;

Родников ауылдық округіне – 32 321 мың теңге;

Тәңірберген ауылдық округіне – 19 848 мың теңге;

Сарыжар ауылдық округіне – 45 375 мың теңге;

Хазірет ауылдық округіне – 27 529 мың теңге.

 

2026 жылға бекітілген Мәртөк ауданы бюджеті кірістер бойынша – 5 827 092 мың теңге, шығыстар бойынша – 5 827 092  мың теңгені  құрайды.

Дата публикации
03 августа 2026
Дата обновления
03 августа 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы