Мәртөк ауданы бойынша 2026 жылдың II тоқсанына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша талдамалық анықтама
2026 жылдың II тоқсан қорытындысына сәйкес, Мәртөк ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 343 (332 - жеке тұлға, 11 – заңды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, баламалы негізде қағаз нысанда кеңсе арқылы – 19 (18 - жеке тұлға, 1 – заңды тұлға), қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген – 316 (306 - жеке тұлға, 10 – заңды тұлға), қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы электронды түрде – 8 (барлығы - жеке тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі өтіп кетпеуі үшін үнемі «Мониторинг» АЖ қадағаланып отырады.
2026 жылдың II тоқсан қорытындысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңды себептер негізінде барлығы 61 (барлығы - жеке тұлға, 59 – электронды түрде, 2 – қағаз түрінде берілген) бас тартулар орын алды.
Атап айтар болсақ:
1) Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы көрсетілетін «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» қызметі бойынша Қырғызстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен қызмет алушы арасындағы еңбек шартының сканерленген көшірмесінің болмауы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес саусақ іздерін тіркеудің болмауы, медициналық сақтандырудың сканерленген көшірмесінің болмауы, қабылдаушы тұлғалардан иммигранттар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде болғандығы туралы хабарламаның болмауы, қызмет алушы еңбек қызметін жүзеге асыруды жоспарлап отырған жұмыс берушінің меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің мекенжайы көрсетілмеуі себептерінен ағымдағы жылғы сәуір айында - 5, мамыр айында - 12, маусым айында - 24 бас тарту орын алды. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметі бойынша қызмет алушы жеке көмекші қызметін «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік коорпорациясы» КЕАҚ-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Мәртөк аудандық бөлімі арқылы рәсімдегісі келетінін білдіріп, аталған қызметтен бас тартуына байланысты сәуір айында – 2, мамыр айында - 1 бас тарту орын алды. «Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына сәйкес мүгедектігі бар адамды техникалық оңалту құралдарының бір бөлігіндегі сүйемелдеу таяқпен қамтамасыз ету мерзімі ерте болуына байланысты ақпараттық жүйеде автоматты түрде сәуір айында - 1 бас тарту орын алды. «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметі бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына сәйкес мүгедектігі бар адамды тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету уақыты ерте болуына байланысты ақпараттық жүйеде автоматты түрде мамыр айында - 1 бас тарту орын алды. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығының 2-қосымшадағы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес толық емес құжаттар топтамасын ұсынуына байланысты, қызмет алушының атына тіркелген мүліктің жоқтығына байланысты, әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы арнайы комиссия қорытындысының негізінде, жан басына шаққандағы орташа күнкөріс деңгейінің мөлшері асып кетуіне байланысты сәуір айында - 2, мамыр айында – 2, маусым айында - 1 бас тарту болды.
2) Аудандық экономика және қаржы бөлімімен көрсетілетін «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы беру» қызметі бойынша мамандықтардың жергілікті атқарушы органның бекітілген тізімімен сәйкес келмеуіне байланысты сәуір айында – 6, мамыр айында – 2 бас тарту орын алды.
3) Қаратоғай ауылдық округі әкімдігі арқылы «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша Мәртөк аудандық жер комиссиясы қорытындысына сәйкес сәуір айында – 1, маусым айында - 1 бас тарту орын алды (қағаз жүзінде, заңды тұлға).
Яғни, 2026 жылдың II тоқсан қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы органдар тарапынан негізсіз бас тартулар орын алған жоқ.
Аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыбында барлығы 15 баннер орналастырылған.
Ағымдағы жылғы маусым айында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2 қызметкер біліктілікті арттыру семинар-курстарынан өтті.
2026 жылғы 23 сәуір күні «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі Ж.Кауменованың қатысуымен «Еңбекші көшіп келушілерге рұсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша тікелей эфир өткізілді. Эфир барысында 2 сұрақ қойылып, нақты жауабы қайтарылды.
2026 жылғы 3 мамыр күні аудан әкімі М. Ысқақовтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өткізілді. Аталған жиналыста аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Сақтағанов «Атқарушылық тәртіп туралы (хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, E-otinish жүйесі және құжат айналымы, көрсетілген мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қауіпсіздік, кадр мәселесі және Әдеп нормалары туралы)» баяндама жасады. Баяндама негізінде аудан әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары арасында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша бірқатар хаттамалық тапсырмалар берілді (отырыс хаттамасы қосымша жалғанады).
Ағымдағы жылғы 13 мамыр күні Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратында облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және мониторингілеу бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімдіктерінің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандарының арасында семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Аталған семинар-кеңеске Мәртөк ауданы әкімінің аппараты, ауылдық округ әкімдіктері және аудандық жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандары түгел қатысып, бірқатар сұрақтарына жауап алды. Семинар барысында бірнеше мәселелер түсіндіріліп, нақты тапсырмалар берілді.
2026 жылғы 24 маусым күні Мәртөк ауданы бойынша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттар беруші (телекоммуникациямен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) табиғи монополия субъектілерімен құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына енгізілген өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.