Меню

Страницы

Статья

Мәртөк ауданы бойынша 2026 жылдың III тоқсанына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша талдамалық анықтама

Мәртөк ауданы бойынша 2026 жылдың III тоқсанына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша
талдамалық анықтама

2026 жылдың III тоқсан қорытындысына сәйкес, Мәртөк ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 519(506 -жеке тұлға, 13 – заңды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, баламалы негізде қағаз нысанда кеңсе арқылы – 45(43 -жеке тұлға, 2 – заңды тұлға), қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген– 472(461- жеке тұлға, 11 – заңды тұлға), қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы электронды түрде – 2(барлығы - жеке тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі өтіп кетпеуі үшін үнемі «Мониторинг» АЖ қадағаланып отырады.
2026 жылдың III тоқсан қорытындысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңды себептер негізінде барлығы 29(барлығы - жеке тұлға, 26 – электронды түрде, 3 – қағаз түрінде берілген)бас тартулар орын алды.
Атап айтар болсақ:
1) Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылыкөрсетілетін«Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» қызметі бойынша шетелдіктің еңбек рұқсатының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан уақтылы кетпеуі, қабылдаушы тұлғалардан иммигранттар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде болғандығы туралы хабарламаның болмауы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеулердің болмауысебептеріненағымдағы жылғы шілде айында -2, тамыз айында-3, қыркүйек айында - 1 бас тартуорын алды. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметі бойыншақызмет алушы жеке көмекші қызметін «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік коорпорациясы» КЕАҚ-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Мәртөк аудандық бөлімі арқылы рәсімдегісі келетінін білдіріп, аталған қызметтен бас тартуына байланыстышілде айында–1 бас тартуорын алды. «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметі бойыншақызмет алушы осы қызметке өтінімді қайта беруіне байланысты ақпараттық жүйеде автоматтытүрдетамыз айында -1 бас тартуорын алды.«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»мемлекеттік қызметі бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығыныңмемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес толық емес құжаттар топтамасын ұсынуына байланыстышілде айында – 2 бас тарту орын алды.«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі бойыншаҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығының 2-қосымшадағымемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес толық емес құжаттар топтамасын ұсыну, жан басына шаққандағы орташа күнкөріс деңгейінің мөлшері асып кетуіне байланыстышілде айында -2, тамыз айында–1, қыркүйек айында - 2 бас тарту болды.«Атаулы әлеуметтік тағайындау»мемлекеттік қызметі бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің №227 бұйрығының 17 тармағына сәйкес отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен асып кетуі, ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің №227 бұйрығының 17 тармағының 2 тармақшасына сәйкес учаскелік арнайы комиссияның материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін үйіне барған кезде қызмет алушы үйінде болмауы себептеріненшілде айында – 5, тамыз айында – 1, қыркүйек айында – 1 бас тарту орын алды.
2) Аудандық экономика және қаржы бөлімімен көрсетілетін«Ауылдықелдімекендергежұмыс істеу жәнетұруүшінкелгенденсаулық сақтау,білім беру,әлеуметтікқамсыздандыру,мәдениет,спортжәнеагроөнеркәсіптіккешенсаласындағымамандарға, ауылдар,кенттер,ауылдықокругтерәкімдеріаппараттарыныңмемлекеттікқызметшілерінекөтерме жәрдемақы беру» қызметі бойынша мамандықтардың жергілікті атқарушы органның бекітілген тізімімен сәйкес келмеуіне байланыстышілде айында –1, тамыз айында – 1, қыркүйек айында - 1бас тартуорын алды.«Ауылдықелдімекендергежұмыс істеу жәнетұруүшінкелгенденсаулық сақтау,білім беру,әлеуметтікқамсыздандыру,мәдениет,спортжәнеагроөнеркәсіптіккешенсаласындағымамандарға, ауылдар,кенттер,ауылдықокругтерәкімдеріаппараттарыныңмемлекеттікқызметшілерінетұрғын үй сатып алуға бюджеттіккредитберу»қызметі бойынша мамандықтардың жергілікті атқарушы органның бекітілген тізімімен сәйкес келмеуіне байланысты қыркүйек айында – 1 бас тарту орын алды.
3) Сарыжар ауылдық округі әкімдігі арқылы«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша учаскеде ешқандай құрылыс нысаны салынбауына байланысты аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің қорытындысына сәйкес тамыз айында – 2 бас тартуорын алды(қағаз жүзінде, жеке тұлға).
4) Аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметі бойынша құжаттар топтамасының стандартқа сай болмауы себебінен тамыз айында - 1 бас тарту орын алды(қағаз жүзінде, жеке тұлға).
Яғни, 2026 жылдыңIII тоқсан қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы органдар тарапынан негізсіз бас тартулар орын алған жоқ.
Аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыбында барлығы 15 баннер орналастырылған.
Ағымдағы жылғы 30 шілдедегі аудандық «Мәртөк тынысы» газетінің № 30 санында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ж.Жұмашованың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша I жартыжалдықта атқарылған жұмыс қорытындысы» туралы мақаласы жарияланды.
2026 жылғы 5 тамыз күні аудан әкімдігінің ғимаратында аудан әкімінің орынбасары О.Қонысбайдың төрағалығымен «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапалы әрі уақытылы орындалуы бойынша отырыс өткізілді. Отырыстың күн тәртібіне 3 сұрақ енгізіліп, Мәртөк ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының м.у.а., 3 сынып сержанты – Р. Кенжебаев баяндама жасады.
Отырыс барысында аталған мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібіне қоса, 2026 жылғы 12 шілдесінен бастап «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына енгізілген өзгерістер бойынша да бірқатар мәселелер талқыланып, түсіндірілді(отырыс хаттамасы қосымша жалғанады).
Ағымдағы жылғы 23 қыркүйек күні аудан әкімдігінің ғимаратында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Сариновтың төрағалығымен, аудандық мәслихат хатшысы Т.Көлкебаевтың, аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Сақтағановтың қатысуымен аудандық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысында күн тәртібіне сәйкес, «2026 жылдың тамыз айының қорытындысына сәйкес, Мәртөк ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарда көрсетілген мемлекеттік қызметтер» туралы баяндама оқылып, бірқатар мәселелер талқыланды.

Дата публикации
10 октября 2025
Дата обновления
09 октября 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы