2025 жылдың II тоқсан қорытындысына сәйкес, Мәртөк ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 206(барлығыжеке тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, баламалы негізде қағаз нысанда кеңсе арқылы – 35(барлығыжеке тұлға), қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген– 171(барлығы жеке тұлға)мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі өтіп кетпеуі үшін үнемі «Мониторинг» АЖ қадағаланып отырады.
2025 жылдың II тоқсан қорытындысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңды себептер негізінде барлығы 75(барлығы - жеке тұлға, барлығы – электронды түрде берілген)бас тартулар орын алды.
Атап айтар болсақ:
1) Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылыэлектрондық өтінімді дұрыс толтырмауы, қабылдаушы тұлғалардан иммигранттар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде болғандығы туралы хабарламаның болмауы, ІІМ бас тартуы, арнайы есепке алу белгілері бойынша бас тарту үшін негіздің болуы,өтінім аумақтық бөлінісіне сай жіберілмеуі, жеке табыс салығы бойынша төлем осы аумаққа сәйкес келмейтін мемлекеттік кіріс органына төленуі, еңбек мигранттарын тартуға квотадан асып кетуісебептерінен «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру» қызметі бойынша 2025 жылғы сәуір айында – 20, мамыр айында – 13, маусым айында - 25бас тарту, «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттарды ұзарту» қызметі бойынша2025 жылғысәуір айында – 5 бас тарту орын алды.«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға қажетті құжаттарды рәсімдеу» қызметі бойынша мүгедектігі бар адамдардың протезді ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету мерзімі ерте болуына байланысты сәуір айында – 2, мамыр айында - 1бас тарту орын алды.«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жекекөмекшінің қызметтерін қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» қызметі бойынша қызмет алушы осы қызметке өтінімді қайта беруіне байланысты және қызмет алушы жеке көмекші қызметін әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Мәртөк аудандық бөлімі арқылы алусебептеріненмамыр айында – 2, маусым айында - 1бас тарту орын алды.«Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» қызметі бойыншамүгедектігі бар адамды кресло арбамен қамтамасыз ету уақыты ерте болуына байланыстымаусым айында – 1 бас тарту орын алды.«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу» қызметі бойыншақызмет алушы осы қызметке өтінімді қайта беруіне байланыстысәуір айында – 1 бас тарту орын алды.«Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі бойынша құжаттар топтамасын толық ұсынбауына байланысты сәуір айында – 1 бас тарту орын алды.
2) Аудандық экономика және қаржы бөлімімен«Ауылдықелдімекендергежұмыс істеу жәнетұруүшінкелгенденсаулық сақтау,білім беру,әлеуметтікқамсыздандыру,мәдениет,спортжәнеагроөнеркәсіптіккешенсаласындағымамандарға, ауылдар,кенттер,ауылдықокругтерәкімдеріаппараттарыныңмемлекеттікқызметшілерінетұрғын үй сатып алуға бюджеттіккредитберу»мемлекеттік қызметін көрсету кезінде, соңғы 2 жыл ішінде 90 күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар болуына байланысты ағымдағы жылғымаусым айында – 1 бас тарту орын алса, «Ауылдықелдімекендергежұмыс істеу жәнетұруүшінкелгенденсаулық сақтау,білім беру,әлеуметтікқамсыздандыру,мәдениет,спортжәнеагроөнеркәсіптіккешенсаласындағымамандарға, ауылдар,кенттер,ауылдықокругтерәкімдеріаппараттарыныңмемлекеттікқызметшілерінекөтерме жәрдемақы беру» қызметі бойыншамаусым айында - 2бас тарту орын алды.
Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары М.Есенғалиевтің 27.05.2025 жылғы № 06-02/3552 хаты негізінде, қызмет көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күнінен артық мемлекеттік қызметтер бойынша мамыр және маусым айларында берілген бас тартуларға тыңдалым жүргізілді (тыңдалым хаттамасы қоса беріледі).
Яғни, 2025 жылдыңII тоқсан қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы органдар тарапынан негізсіз бас тартулар орын алған жоқ.
Аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыбында барлығы 15 баннер орналастырылған.
Ағымдағы жылғы 17сәуір күні аудандық «Мәртөк тынысы» газетінің № 17 санындааудандық ауылшаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі О.Нұрбердиевтің «К вниманию с 26.05.2025 года начинается ежегодный государственный технический осмотр», 23 мамырдағы№ 21 санындаҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманыАружан Досекешованың«Қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді», 30 мамыр күні№ 22 санындааудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманыКибат Борашеваның«Әрекетке қабілетсіз немесе әркетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу», 27 маусым күні № 26 санында аудандық экономика және қаржы бөлімінің «Дипломмен ауылға – сәтті жоба»атты мақалалары жарық көрді.
Ағымдағы жылғы сәуір айындамемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2 қызметкер, мамыр айында 10 ауылдық округ әкімі біліктілікті арттыру семинар-курстарын өтті.
2025 жылғы 17-23 сәуірі аралығындааудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру және ақпараттық технологиялар бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсететін 7 аудандық бөлімдер мен 13 ауылдық округ әкімдіктеріне жұмыс сапарымен барып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ішінара ішкі бақылау жұмыстарын жүргізе отырып, әдістемелік көмек көрсетілді.
Ағымдағы жылғы 5 мамыр күні «мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында атқарылатын іс-шаралар жоспарына» сәйкес «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-ніңсектор меңгерушісі Ж.Кауменова және бас маманы К.Борашеваныңқатысуымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша тікелей эфир өткізілді.Тікелей эфирге барлығы 31 қатысушы қатысты.Эфир барысында сұрақ қойылмады.
2025жылғы 28мамыр күні аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында, аудандық жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандарының арасында еркін форматтағы «Семинар-кеңес» ұйымдастырылып, өткізілді.Семинар барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі бірқатар мәселелерге тоқталып, мемлекеттік қызметті заңға сәйкес, сапалы әрі уақытылы көрсетуге, кемшіліктер мен заңбұзушылықтарға жол бермей, бірігіп жұмыстануға шақырылды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 13 маусым күні «Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру, цифрлық сауаттылықты дамыту мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жәрмеңке өткізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.